457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Кейбір банктер ипотека беруді тоқтатты

Қазақстандағы кейбір банктер қайталама нарықтан баспана сатып алуға арналған ипотекалық несиелер бойынша өтініш қабылдауды уақытша тоқтатты. 


Еске сала кетсек, Қазақстанда ипотека бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі 25%-дан 20%-ға төмендетілді. Тиісті түзету Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі мен Ұлттық банктің бірлескен қаулысына енгізілген. Жаңа талап 15 маусымда күшіне енді.

Айта кетсек, Halyk Bank, ЦентрКредит банкі мен Нұрбанк қайталама тұрғын үй нарығына қатысты ипотекалық өтініш қабылдауды уақытша тоқтатқанын анықтады.

Операторлардың айтуынша, қазір бұл банктерде техникалық жұмыстар жүргізіліп, жаңа мөлшерлемелер енгізіліп жатыр.

Сонымен бірге, Altyn Bank пен Freedom Bank ипотекалық өтініштерді қалыпты тәртіпте қабылдап, қарастырып жатқанын хабарлады.

Фото: pixabay.com