457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Елімізде ипотека арзандайтын болды

Қазақстанда ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі 25 пайыздан 20 пайызға дейін төмендетілді. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі мен Ұлттық банк бірлескен қаулы қабылдаған, деп хабарлайды Malim.kz Azattyq Rýhy-на сілтеме жасап.

«Бірлескен қаулымен ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесінің шекті мөлшері 25%-дан 20%-ға дейін төмендетілді», - делінген хабарламада.

Қалған несиелер бойынша ЖТСМ мөлшері: банк қарыздары бойынша – 46%; кепілмен қамтамасыз етілген банк қарыздары бойынша – 35%; микроқаржы қызметін жүзеге асыратын ұйымдар беретін микрокредиттер бойынша – 46% қалып отыр.

Сонымен қатар микроқаржы қызметін жүзеге асыратын ұйымдар күнтізбелік 45 күнге дейінгі мерзімге, айлық есептік көрсеткіштің 45 еселенген мөлшерінен аспайтын мөлшерде беретін микрокредиттер бойынша күніне 0,3 пайыздан аз, бірақ 179 пайыздан аспауға тиіс.

Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енеді.

Фото: istockphoto.com

Бұл туған күн емес, өлген күн - авиация маманы
Аналитика
|
09.06.2025 14:20
2025-06-09 14:20:00

Ең көп оқылған