Кішкентай қыздың ішінен «жын шығарған» емші тексеріледі

Арман Қайыпхан

  • 09.01.2025

Әлеуметтік желіде өзін «молдамын» деп 9 жасар қыздан жын шығарып жатқан ер адамның бұрын мешіттің күзетшісі болып жұмыс істегені мәлім болған еді. Осыған қатысты ҚР Бала құқықтары жөніндегі уәкілі Динара Зәкиева пікір білдірді, деп хабарлайды Malim.kz Qaz365.kz-ке сілтеме жасап.

«Аталмыш іс бойынша ІІМ, өңірлік уәкілдермен жұмыс істеп жатырмыз. Емшінің жеке басы мен баланың орналасқан жері алдын-ала анықталды. Ақпарат тексеріліп, мән-жай анықталуда», - дейді Динара Зәкиева журналист Кенжекей Тоқтамұратқызы жазған постының астында.

Айта кетейік, 9 жасар қыздың ішінен «жын шығарып» жатқан емшінің әрекеті әлеуметтік желіде жарияланған болатын. Бейнежазбада екі ер адам жерде жатқан баланың қолын байлап, тамағынан қысып жатқанын көруге болады. Әлеуметтік желіде тарап кеткен видеодағы Кейқуат Оспанов өзін жын шығарушы молда  ретінде санайды. Ол қыздың ішіндегі жынның мың жылдық екенін анықтап сұрайды. Қыздың сұрақтарға жауап бергенде жылап жатқаны көрінеді. Кейқуат Оспанов «жын шығару рәсімін» жүргізгенде, қызды байлап тастайды. Ал қыздың анасы бұл кісіге әлеуметтік желіден көріп-білгеннен соң келген екен. Сонымен қатар, келіншек емшіге келген күні 200-ден астам адам кезекте тұрғандығын айтты.

Алайда, кейінірек Кейқуат Оспановтың Атырау қаласындағы орталық мешіттің қауіпсіздік қызметкері, яғни күзетші болғаны белгілі болды.

Тіпті Кейқуат Оспанов «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған, бұл марапатты денсаулық сақтау министрлігі берген.

Фото: видеодан кадр

Байланысты жаналықтар

В Актобе членов АНК наградили юбилейными медалями

14.04.2025

Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері мерейтойлық медальдармен марапатталды

14.04.2025

Киберполиция "мемлекеттік грант алып беремін" деп алдаған алаяқты ұстады

14.04.2025

Черногорияда «НеМолчи.kz» қорының негізін қалаушы Дина Тансари ұсталды

14.04.2025

Сот аумағынан қашқан күдікті ұсталды

14.04.2025

Тоқаев бір топ әскери қызметшіні наградалармен марапаттады

14.04.2025
MalimBlocks
В Актобе членов АНК наградили юбилейными медалями

Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері мерейтойлық медальдармен марапатталды

Ақтөбеде Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына орай марапаттау рәсімі ұйымдастырылды

Киберполиция "мемлекеттік грант алып беремін" деп алдаған алаяқты ұстады

Черногорияда «НеМолчи.kz» қорының негізін қалаушы Дина Тансари ұсталды

Сот аумағынан қашқан күдікті ұсталды

Тоқаев бір топ әскери қызметшіні наградалармен марапаттады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бір топ әскери қызметшіні мемлекеттік наградалармен марапаттады