457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Көзі көрмейтін енесінің атына кредит рәсімдеген жігітке үкім шықты

Жамбыл облысында көзі көрмейтін енесінің атына бірнеше несие рәсімдеген әйелге сот үкімі шықты, деп хабарлайды Malim.kz Мойынқұм аудандық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Биыл наурыз айында айыпталушы электрондық-сандық қолтаңба ашу сылтауымен енесінің ұялы телефонын пайдаланып, оның атына бірнеше несие рәсімдеген. Кейін әйел Алматыға кетіп қалған. Бұл алаяқтық әрекет арқылы ол туысына 514 мың теңге көлемінде залал келтірген.

Сот процесі барысында айыпталушы өз кінәсін толық мойындап, іске қатысты дәлелдерге қарсылық білдірмеген.

«Айыпталушы кінәсін толық мойындады, жәбірленушімен татуласқанын айтты және осыған байланысты соттан жазаны жеңілдетуді сұрады», – делінген хабарламада.

Сот оны алаяқтық бойынша кінәлі деп танып, 1 жылға бас бостандығын шектеу жазасын тағайындады.

Үкім заңды күшіне енді.

Фото: depositphotos.com