«Күш біріктіруіміз керек»: СҚО-дағы су тасқынына 3000-ға жуық адам жұмылдырылды

Үкімет басшысы тартылған қосымша күштер мен техниканы ескере отырып, бөгеттерді нығайту жұмыстарының қарқынын жеделдету, оның ішінде биіктігін арттыру қажеттігін атап өтті.

Malim Админ

  • 09.04.2024

Премьер-министр Олжас Бектенов Петропавлда Есіл өзені арнасынан асып кеткен жағдайда қаланы және жақын маңдағы елді мекендерді су тасқынынан қорғауға арналған бөгеттерді нығайту жұмыстарын тексерді, деп хабарлайды Malim.kz.

Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі мәлім етті. 

Үкімет басшысы Тепличное және Кожевенная ауылдарындағы қорғаныш үйінділерінің жағдайын қарап, 2017 жылғы су тасқынынан кейін жүргізілген жұмыстардың есебін тыңдады.

Қазіргі уақытта Сергеев су қоймасындағы су деңгейінің жоғарылауын ескере отырып, қолданыстағы бөгеттерді нығайту және олардың ұзындығы мен биіктігін арттыру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Жалпы, қарғын суды өткізу үшін автожолдарда жол төсемін аршу жұмыстары 6 рет жүргізілді. Баламалы бағыт қарастырылып, белгілер қойылып, кезекшілік ұйымдастырылған. Су тасқыны кезеңі басталғалы бері елді мекендердің көшелері мен аула аумақтарынан 440 мың м3 су сорылды. 165 шақырымнан астам арық тазартылды, 2.7 шақырым каналдар кеңейтіліп, тереңдетілді.

Олжас Бектенов су тасқынынан зардап шеккендерді қолдау шаралары мен жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы тұрғындар сұрақтарына жауап берді, еріктілер мен сарапшыларға көрсеткен көмектері мен қолдаулары үшін алғысын білдірді.

Үкімет басшысы тартылған қосымша күштер мен техниканы ескере отырып, бөгеттерді нығайту жұмыстарының қарқынын жеделдету, оның ішінде биіктігін арттыру қажеттігін атап өтті.

Жұмысқа жеке құрам мен Ұлттық ұлан жұмылдырылды. Полк те күшейтіледі. Қорғаныс министрлігі қосылды, сондықтан күш жеткілікті болуы керек. Қазір күш біріктіруіміз керек. Алдағы 2-3 күнде ауыр зардаптардың алдын алу үшін көп жұмыс істеу керек. Ең алдымен адамдар зардап шекпеуі маңызды, — деп атап өтті Олжас Бектенов.

Қазіргі таңда су тасқынына қарсы іс-шараларға әкімдіктің, ПД, Ұлттық ұлан бөлімшесінің және жеке ұйымдардың 1432 қызметкері, 1200 ерікті қатысуда. Премьер-министрдің тапсырмасы бойынша бүгін Қорғаныс министрлігінің 300 әскери қызметшісі келді. Осылайша, барлығы 3000-ға жуық адам жұмылдырылды.

Солтүстік Қазақстан облысындағы су тасқыны жағдайы ерекше бақылауда. Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр да осында. Жедел штабтар тәулік бойы жұмыс істейді.

Фото: primeminister.kz

Байланысты жаналықтар

Петропавлда полициядан қашпақ болған жігіт көз жұмды

02.04.2025

Қазақстанда жыныс ауыстыруға бола ма?

28.03.2025

Су тасқыны-2025. Қанат Бозымбаев ел батысындағы жағдаймен танысты

27.03.2025

Еліміздегі ірі су қоймаларынан су жіберу басталды

27.03.2025

Қазақстанның бес облысында су тасқыны болуы мүмкін - Қазгидромет

26.03.2025

Бектенов Үкімет отырысында экология министріне ескерту жасады

26.03.2025
MalimBlocks
Петропавлда полициядан қашпақ болған жігіт көз жұмды

Қазақстанда жыныс ауыстыруға бола ма?

Үкімет басшысы мәжілісмен Магеррам Магеррамовтың депутаттық сауалына жауап берді

Су тасқыны-2025. Қанат Бозымбаев ел батысындағы жағдаймен танысты

Еліміздегі ірі су қоймаларынан су жіберу басталды

Қазақстанның бес облысында су тасқыны болуы мүмкін - Қазгидромет

Қазгидромет мамандары Қазақстанда қай аймақтарды су басу қаупі бар екенін айтты

Бектенов Үкімет отырысында экология министріне ескерту жасады

Премьер-министр Олжас Бектенов Үкімет отырысында Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаевқа елдегі қоқыс полигондарының жағдайына байланысты ескерту жасады