457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

«Ломтадзе, халықтың алдына шық!»

Белсенді Канагат Такиева мен бір топ несие алушылар Kaspi.kz-тің Алматыдағы бас кеңсесінің алдына жиналып, банкті президент жарлығын орындамады және проблемалық несиелерді қайта қаржыландыруға арналған мемлекеттік бағдарламаны әдейі саботаждады деп айыптады, деп хабарлайды Malim.kz arasha.kz сайтына сілтеме жасап.

Наразылардың ең басты ұраны:

«Kaspi банк — халықтың жауы!»

Не болды?

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (ҚНРДА) өткізген отырыстан кейін белсенділер Kaspi.kz кеңсесіне бет алып, банк басшылығынан диалогқа шығуын талап етті. Олар Kaspi.kz иелерінің бірі Михаил Ломтадзеге тікелей үндеу жолдады:

«Ломтадзе, халықтың алдына шық!» — деді акция қатысушылары.

Негізгі талап — мемлекеттік комиссия шешімімен қайта қаржыландыру мақұлданған борышкерлерге қатысты сот істерін тоқтату.

Наразылардың сөзінен:

«Kaspi банк — ең агрессивті банк! Ол президенттің бағдарламасын бұғаттап отыр. Комиссия шешім қабылдаса да, банк борышкерлерді сотқа сүйрей береді!» — деді Такиева.

«Kaspi банк — халықтың жауы!» — деп қостады тағы бір қатысушы.

«Олар мемлекеттің бюджетінен қаржы алады, Проблемалық несиелер қорымен келісімге қол қояды, бірақ мүгедектерді кассацияға дейін апарады. Бұл — екіжүзділік!» — деді белсенді.

Kaspi есігін жауып тастады

Несие алушылар ғимаратқа кіруге тырысқанда, Kaspi күзет қызметі есіктерді жауып, ішке кіруге тыйым салды. Бұл жағдай одан сайын наразылық тудырды. Дегенмен белсенділер сабырмен диалог орнатуға шақырды:

«Біз тыныш, сабырмен кіреміз. Конструктивті сөйлесеміз. Бірақ сіздер өздеріңіз шиеленіс туғызудасыздар!»

Банк әрекетіне сын

Такиева айтқандай, Kaspi.kz сот шешімдері шықса да, міндеттемелерін орындаудан жалтарып отыр.

«Банк жағдайды әдейі күрделендіруде. Соттарда біз жеңдік, бірақ Kaspi шешімдерді орындамайды. Барынша созып, борышкерлерді күйзеліске түсіреді.»

Контекст: Мұның артында кім тұр?

Kaspi.kz иелерінің бірі Вячеслав Ким2002 жылдан бастап Forbes Kazakhstan тізімінде ең бай қазақстандықтардың қатарында тұрақты түрде орын алып келеді. 2012 жылы 24-орында болса, 2025 жылы 1-орынға көтерілді. Жеке капиталы — 7,1 млрд доллар, әлемдік миллиардерлер тізімінде — 464-орын.
Фото: arasha.kz