457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

LRT вагондарының іші қандай болады?

Вагондарды жабдықтауда вандализмге төзімді материалдар қолданылған, деп хабарлайды Malim.kz.

Мәжіліс депутаты Самат Нұртаза Астанада салынып жатқан жеңіл рельсті көлік (LRT) жобасының бір вагонын аралап көріп, алған әсерімен Facebook парақшасында бөлісті.

Оның айтуынша, вагондар жұмсақ, антивандал материалдардан жасалған орындықтармен, сондай-ақ кондиционерлермен жабдықталған.

Іші қазақтың ұлттық өрнектерімен әрленген, интерьерде мемлекеттік тудың түстері – сары және көк басым.

Депутаттың сөзінше, LRT көлігіне алдын ала жоспарланған жолақы – 200 теңге.

9 маусымда елордаға жеңіл рельсті көліктің алғашқы пойыз құрамы жеткізілді.

Подвижной составтың жалпы техникалық сипаттамалары:

ұзындығы – 59,97 метр,

ені – 2,8 метр,

биіктігі – 3,8 метр,

сыйымдылығы – 600-ден астам жолаушы,

ең жоғары жылдамдығы – сағатына 80 шақырым.

Жалпы LRT жобасы аясында 19 пойыз құрамы шығарылады. CTS баспасөз қызметінің хабарлауынша, төрт вагоннан тұратын, автоматтандырудың төртінші деңгейіндегі жүргізушісіз пойыздардың әрқайсысы 650 жолаушыға дейін тасымалдай алады.

Фото: CTS