457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Медеу ауданында ірі өрт болды

Алматы қаласы Медеу ауданының «Горный гигант» шағын ауданында орналасқан жеке тұрғын үйде өрт шықты, деп хабарлайды Malim.kz.

Жалын көрші ғимараттың шатырына ауысқан.

Оқиға орнында Төтенше жағдайлар министрлігінің күштері жұмыс істеді. Жедел штаб құрылып, үш жауынгерлік учаске ұйымдастырылды. Судың үздіксіз берілуі қамтамасыз етіліп, оқпандар енгізілді.

Өрт сөндіру жұмыстары кеш хабарлануына байланысты күрделене түсті. Құтқарушылар келген сәтте жалын ұлғайып үлгерген. Сондай-ақ өрттің таралуына ғимараттардың жапсарлас салынғандығы әсер етті.

Алдын ала мәлімет бойынша, өрттің аумағы 1000 шаршы метрді құрады. Зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ.

Өрттің себебі анықталуда.

Фото: ТЖМ

Өзбектерді той шығыны мазалайды
Аналитика
|
14.07.2025 17:13
2025-07-14 17:13:00