Марат Әйтенов экс-әйелін үйден неге сүйреп шығарғанын түсіндірді
Оған тек бір себеп болған.
Астанада Марат Әйтенов пен Дана Әтешоваға қатысты сот отырысы өтіп жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Дана Әтешованың қорғаушысының бірі Әлия Омарова сот отырысында алдымен жәбірленушінің пікірін сұрап білу керегін айтты.
Сот отырысында алдымен жәбірленушіге сөз беріп, видео мен сот-медициналық сараптамаларды қарау керек, - деді ол.
Алайда сот оның сұрағын ашық қалдырды.
Марат Әйтеновке сұрақтар әрі қарай қойылды. Ол үйден экс-әйелін неге сүйреп шыққанын түсіндірді.
Оған тек бір себеп болды. Жәбірленуші балаларды алып шығам дегенге көнбей, денесімен балаларды жауып, қарсылық көрсетті. Сол үшін осындай жағдай болды. Сол кезде үлкен қызымды ауруханаға алып кеткен еді. Ал кіші қызымды ол баспалдақта отырғанда бір баланы арқасына тығып, екіншісін тізесіне қысып жібермей отырды, - деді Әйтенов.
Марат Әйтенов ол бұл әрекетті жәбірленуші өзіне зиян келтірмеу үшін қолынан ұстап тұрғанын айтты.
Айта кетейік, қазір онлайн форматта Әйтенов пен Әтешова арасындағы сот өтіп жатыр.
Фото: видеоскриншот