Маусымда ауа температурасы қалыпты болады

«Қазгидромет» айлық болжам жасады

Мәди Саматұлы

  • 01.06.2024

Маусымда республиканың басым бөлігінде орташа айлық ауа температурасы норма шамасында, батыста және елдің оңтүстік жартысында нормадан 1°  жоғары болады деп күтілуде. Жауын-шашын мөлшері де республиканың басым бөлігінде норма шамасында, тек Атырау, Маңғыстау облысында, Батыс Қазақстан облысының басым бөлігінде, Қызылорда облысында, Ақтөбе облысының оңтүстік-батысында нормадан аз болады деп болжанып отыр, деп хабарлайду Malim.kz.

«Қазгидромет» РММ дерегінше, маусымда атмосфералық фронттардың өтуімен кей күндері қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ, қатты жел күтіледі.

Маусымның бірінші онкүндігінде Қазақстанның солтүстік, орталық, шығыс және оңтүстік-шығыс облыстарында Жерорта теңізінің шығыс жағалауынан және Орта Азиядан жылы ауа массаларының шығуынан ауа температурасының жоғарылауы күтіледі:

еліміздің солтүстігінде, орталығында түнде +2+10°С-тан +12+20°С-қа дейін, күндіз +13+20°С-тан +22+30°С-қа дейін;

шығыста түнде +2+7°С-тан +13+18°С-қа дейін, күндіз +13+18°С-тан +23+30°С-қа дейін;

оңтүстік-шығыста түнде +7+12°С-тан +12+20°С-қа дейін, күндіз +22+30°С-тан +25+37°С-қа дейін.

Батыс және оңтүстік аймақтарда температураның негізгі фоны былай болжанады:

елдің батысында, солтүстік-батысында (Ақтөбе облысы) түнде +15+25°С, күндіз +25+38°С;

оңтүстік-батыста түнде +20+28°С, күндіз +30+39°С;

оңтүстік өңірлерде түнде +12+17°С, күндіз +27+38°С;

Бірінші онкүндіктің соңында елдің басым бөлігінде аптап ыстықтың бәсендеуі күтіледі. Маусымның екінші және үшінші онкүндігінде ауа температурасы солтүстік, орталық және шығыс облыстарда күндіз +20+25°С-тан +30+38°С-қа дейін, ал батыс, оңтүстік өңірлерде 25+30°С-тан 34+39°С-қа дейін ауытқуы мүмкін.

Фото: oka.fm

Байланысты жаналықтар

Жаз айларында ауа райы қалай болады?

13.05.2025

Алдағы үш күнде 44 градусқа дейін ыстық болады

12.05.2025

Алдағы күндері күн күркіреп, жаңбыр жауады

11.05.2025

Синоптиктер ауа райы болжамын ұсынды

10.05.2025

Биыл жазда 3,1 млн оқушы демалыс бағдарламаларымен қамтылады

08.05.2025

8, 9 және 10 мамырға арналған ауа райы болжамы жарияланды

07.05.2025
MalimBlocks
Жаз айларында ауа райы қалай болады?

Алдағы үш күнде 44 градусқа дейін ыстық болады

Ауа температурасы бірте-бірте көтеріледі

Алдағы күндері күн күркіреп, жаңбыр жауады

Синоптиктер ауа райы болжамын ұсынды

Биыл жазда 3,1 млн оқушы демалыс бағдарламаларымен қамтылады

8, 9 және 10 мамырға арналған ауа райы болжамы жарияланды