Мұрат Әбділда қамауға қайта алынды

Сұлу Бөлек

  • 24.04.2025

Жақында шартты түрде босатылған блогер Мұрат Әбділда қайта қамауға алынды, - деп хабарлайды Malim.kz тілшісі.

Түркістан облыстық сотының баспасөз қызметінің мәліметінше, Түркістан қаласының ауданаралық сотында Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 174-бабының 1-бөлігімен 2022 жылы сотты болған Мұрат Әбділдаға қатысты ұсыным қаралды.

Ұсынымда Сауран аудандық полиция бөлімі блогердің мерзімінен бұрын шартты түрде босатудың күшін жойып, жазаның қалған өтелмеген бөлігін бас бостандығынан айыру түріндегі жазаға ауыстыруды сұраған.

"Сотталған Мұрат Әбділда 2024 жылы соттың қаулысы негізінде қылмыстық кодекстің  72-бабына сай бас бостандығынан айыру түріндегі жазасының өтелмеген 2 жыл 11 күнін шартты түрде мерзімінен бұрын босатылып, Түркістан облысының полиция департаметінің Сауран аудандық полиция бөліміне профилактикалық есепке алынған", - делінген хабарламада.

Профилиактикалық есепте тұрғанына қарамастан, Мұрат Әбділда 2024 жылы ортақ пайдалану орнын ластағаны үшін ӘҚБтК 434-2 бабының 1-бөлігімен әкімшілік жауаптылыққа тартылып, оған айыппұл салынған. Сонымен қатар, 2025 жылдың ақпан-наурыз айларында 5 рет тіркелуге келмегені және 4 рет түнгі уақытта тұрғылықты мекенжайында болмағаны анықталған.

Мұрат Әбділданың кінәсі туыстарының берген түсініктемелерімен, тиісті актілермен және куәлердің жауаптарымен толық дәлелденген.

Блогер Мұрат Әбділда тағы бір мүмкіндік беруді сұраған.

"24 сәуірде сот қаулысымен: Түркістан облысының Полиция департаментінің Сауран аудандық полиция басқармасының ұсынымы қанағаттандырылып.

Мұрат Әбділданың мерзімінен бұрын шартты түрде босатудың күші жойылып, жазаның қалған өтелмеген бөлігі 2 жыл 11 күнін бас бостандығынан айыру түріндегі жазаға ауыстырылды", - делінген қаулыда. 

Мұрат Әбділда сот залында қамауға алынды. Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Еске салайық, блогер 2022 жылы ҚР ҚК 174-бабы, яғни, әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік алауыздықты азаматтардың ұлттық ар-намысы мен қадiр-қасиетiн қорлауға бағытталған қасақана әрекеттер жасағаны үшін 4 жыл 6 айға сотталды.

Фото: Vk.com

Байланысты жаналықтар

Блогерлер мен журналистер арандатумен айналысып жүр - Тоқаев

24.04.2025

Саусақтарын шауып тастаған: әйелін өлтірмек болған мұғалімге қатысты тың дерек шықты

23.04.2025

Танымал блогер Daricorn жауапкершілікке тартылды

22.04.2025

Мұғалімнен ақша бопсалаған: Шымкентте блогер ұсталды

21.04.2025

Блогер DARICORN-ның басы дауға қалды: Министрлік ресми мәлімдеме жасады

18.04.2025

Құлдықта болған екі қызға берілген үйді сатып жіберген

18.04.2025
MalimBlocks
Блогерлер мен журналистер арандатумен айналысып жүр - Тоқаев

Саусақтарын шауып тастаған: әйелін өлтірмек болған мұғалімге қатысты тың дерек шықты

Қызылорда облысы Шиелі ауданында балтамен әйелін бірнеше рет ұрып, саусақтарын шапқан мектеп мұғалімі қамауға алынды

Танымал блогер Daricorn жауапкершілікке тартылды

Танымал блогер Дариға Нұркеева (Daricorn) әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Мұғалімнен ақша бопсалаған: Шымкентте блогер ұсталды

Шымкентте полицейлер мектеп мұғалімінен ақша бопсалады деген күдікпен жергілікті блогерді ұстады

Блогер DARICORN-ның басы дауға қалды: Министрлік ресми мәлімдеме жасады

Әлеуметтік желілерде баласының құқықтары бұзылғанын мәлімдеген ананың видеоүндеуі тарады

Құлдықта болған екі қызға берілген үйді сатып жіберген

Ілияс Сәриев есімді блогер жігіт апалы-сіңілі қыздарға баспана кілтін табыстаған еді