Мұхаммед пен Айлин: Қазақстанда ең жиі қойылатын есім қандай?

Арман Қайыпхан

  • 08.01.2025

Ұлттық статистика бюросы 2024 жылы Қазақстанда жаңа туған нәрестелерге қойылған танымал есімдердің рейтингін жасады, деп хабарлайды Malim.kz.

Бюро дерегінше 2014 жылдан бері рейтингте Әлихан есімі көш бастап келе жатты. Бірақ 2024 жылы бірінші орынға Мұхаммед есімі жайғасты. Сондай-ақ жылда ТОП-10 есімнің қатарында болатын Нұрислам есімі ондықтан шығып қалды.

2024 жылы ер балаларға ең жиі қойылған 10 есім:

Мұхаммед (3633 адам);

Айсұлтан (2862);

Әлихан (2719);

Мұхаммед (2712);

Омар (2484);

Алдияр (2295);

Әмір (2266);

Алан (2259);

Али (1912);

Хамза (1857).

Ең жиі қойылатын қыздар есімдері рейтингісіндегі бірінші орында Айлин есімі қалды. Сонымен қатар ондыққа Мариям есімі кіріп, Амина есімі ТОП-10-нан шығып қалды.

2024 жылы қыздарға ең жиі қойылған 10 есім:

Айлин (5578 адам);

Медина (5417);

Асылым (5020);

Айша (4493);

Томирис (3369);

Аяла (2986);

Айым (2875);

Мариям (2794);

Раяна (2782);

София (2775).

Ұлттық статистика бюросының соңғы мәліметтері бойынша, 1 желтоқсанда Қазақстанда 20 265 320 адам тұрды. 2024 жылдың басымен салыстырғанда қазақстандықтар 231 478 адамға артты. Табиғи өсім 217 133 адамды, көші-қон сальдосы 14 345 адамды құрады.

Фото: pixabay.com

Байланысты жаналықтар

Бір жылда Қазақстанда пәтер бағасы қалай өсті?

30.03.2025

Көбі Қытайдан келген: Қазақстанда қанша шетелдік жұмыс істейді?

27.03.2025

Қазақстанда Наурыз есімді қанша адам бар?

21.03.2025

Елімізде бір жылда 40 мыңнан астам жұп ажырасты

15.03.2025

Қазақстанда бір жылда 40 мың жұп ажырасқан

11.02.2025

Былтыр Маңғыстауда қылмыс саны қатты өскен

20.01.2025
MalimBlocks
Бір жылда Қазақстанда пәтер бағасы қалай өсті?

Наурызда Қазақстанда тұрғын үй бағасының өсуі баяулады. Егер былтырғы қыркүйектен бастап пәтерлер айына шамамен 1% қымбаттаса, биыл наурызда бұл көрсеткіш небары 0,4% болды

Көбі Қытайдан келген: Қазақстанда қанша шетелдік жұмыс істейді?

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Қазақстанға шетелден келген жұмысшылар статистикасын ұсынды

Қазақстанда Наурыз есімді қанша адам бар?

Наурыз есімі қай өңірлерде жиі кездеседі?

Елімізде бір жылда 40 мыңнан астам жұп ажырасты

Қазақстанда бір жылда 40 мың жұп ажырасқан

Былтыр Маңғыстауда қылмыс саны қатты өскен

Ал ең көп қылмыс Алматыда жасалады