Қазақстанда туу көрсеткіші төмендеп барады

Қазақстанда туу көрсеткішінің төмендеуі жалғасуда, деп хабарлайды Malim.kz Ranking.kz порталына сілтеме жасап хабарлайды.
Сарапшылардың мәліметінше, туу коэффициенті, яғни 1000 адамға шаққандағы туған балалар саны да күрт азайып келеді.
2025 жылдың бірінші тоқсанында елде 77,3 мың бала дүниеге келген. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 15,8%-ға аз. Бұл соңғы жылдары байқалып келе жатқан теріс үрдістің жалғасы:
- 2021 жыл – 446,5 мың жаңа туған;
- 2022 жыл – 403,9 мың;
- 2023 жыл – 388,4 мың;
- 2024 жыл – 365,9 мың.
Туу коэффициенті антирекордқа жетті
2025 жылы 1000 адамға шаққандағы туу көрсеткіші 15,4 болды. Бұл өткен жылғы 18,3 көрсеткіштен де төмен. Салыстыра кетсек:
- 2020 жыл – 22,8;
- 2021 жыл – 23,5;
- 2022 жыл – 20,6;
- 2023 жыл – 19,5;
- 2024 жыл – 18,2.
Сарапшылар бұл құбылысты тұрақты демографиялық құлдырау деп сипаттап отыр.
Өңірлер бойынша туу көрсеткіштері
Ең жоғары көрсеткіштер:
- Маңғыстау облысы – 21,3;
- Түркістан облысы – 21,3;
- Шымкент қаласы – 19,7.
Ең төмен көрсеткіштер:
- Солтүстік Қазақстан облысы – 8,5;
- Қостанай облысы – 9,5;
- Шығыс Қазақстан облысы – 9,6.
Фото: istockphoto.com

Ең көп оқылған
