457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Жол-көлік апаттарының көбеюі алаңдатады

Қазақстанда жол-көлік апатының саны артып отыр. Елімізде биылғы алғашқы жарты жылдықта 15 698 жол-көлік апаты тіркелген.

Бұл былтырғы осы аралықпен салыстырғанда 54 оқиғаға артық. Құқықтық статистика комитетінің мәліметінше, бұл апаттар салдарынан 22 346 адам зардап шеккен. Олардың 955-і қаза болған. Апаттың көбі республикалық маңыздағы жолдарда тіркелген. Үлкен трассаларда 1401 жол-көлік апаты болып, одан 3 146 адам зардап шеккен. Олардың 2 791-і жарақат алып, 355-і қаза болған. Апат саны бойынша өңірлердің алғашқы үштігі мыналар: Алматы облысы – 404 оқиға; Ақмола облысы – 126 оқиға; Жамбыл облысы – 121 оқиға.

Комитет келтірген мәліметтерге қарасақ, оқиғалардың басты себепкері ретінде жеңіл автомобильдер (12 046 оқиға), автобустар (520), мопедтер (438) мен жүк көліктері (390) екен.

Бұған қоса, жол-көлік оқиғасының себепкері ретінде жаяу жүргіншілер (428 оқиға), велосипедшілер (114), шағын электр көліктерінің жүргізушілері (58) мен самокат тебетіндер (48) аталған. Жарақат алған балалар саны күрт өсіп отыр: ол 74.3 пайызға немесе 3185-тен 5552-ге артты.

Жол апатынан қаза болғандар келесі өңірлерде көбірек тіркелген: Түркістан облысы (27 адам), Алматы облысы (17), Жамбыл (9) және Жетісу облыстары (9).

ІІМ мәліметінше, биылғы бірінші жарты жылдықта елімізде 3 млн астам жылдамдықты арттыру оқиғасы тіркелген. Мұның апатқа әкелетін басты себеп екені аталып өткен. Елді мекендерде 1 129 жол-көлік оқиғасы орын алып, нәтижесінде 95 адам қаза болған.

 

Фото: kaztag.kz