Белгілі кәсіпкер, Respublica партиясының тең төрағасы Сырымбек Тау досы Руслан Берденовтің қазіргі жағдайы туралы айтты, деп хабарлайды Malim.kz.
Құдайға шүкір, Руслан Берденов досымыздың беті бері қарай бастады. Ол сөйлеп, күніне 9-10 қадам баса бастады. Жағдайы күннен-күнге жақсарып келеді. Тілеулес болған баршаңызға шын жүректен алғыс айтамыз, - деді Сырымбек Тау.
Еске салсақ, Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Руслан Берденовке қарулы шабуыл жасалды. Оқиға 21 сәуір күні кешкі сағат 20:30 шамасында қалалық әкімдік ғимаратының жанында болды.
Оқиға болған күні күдікті ұсталып, полиция оның үстінен қылмыстық іс қозғады.
Фото: Мәжіліс