Оқытушылар мен студенттер Халықаралық білім күнін атап өтуде

Халықаралық білім күні бүкіл әлем бойынша 24 қаңтарда атап өтіледі. Бұл күнді Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы 2018 жылғы желтоқсанда бейбітшілік пен дамуды қамтамасыз етудегі білім берудің рөлі туралы еске салу ретінде белгіледі, ал 2019 жылғы 24 қаңтарда мереке алғаш рет атап өтілді. Осыған орай, біз тегін бастауыш білім беруді және барлығына жоғары білімнің қолжетімділігін қамтамасыз етуге шақыра отырып, халықаралық білім күнін атап өтудеміз.

Malim Админ

  • 24.01.2024

Білім - бұл Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясының 26-бабында бекітілген әр адамның құқығы. Ол барлығына тегін бастауыш білім беруге шақырады. Өйткені, білім кедейліктен шығуға және болашақта әл-ауқатты қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Сондықтан бүгінгі күннің маңызды ағартушылық функциясы бар - бұл әлемдегі әрбір бесінші баланың білім алу мүмкіндігінің жоқтығына назар аударуға көмектеседі.

Халықаралық білім күні білім берудің негізгі құқықтары мен қоғамдық игіліктердің бірі ретіндегі маңыздылығын еске салуды мақсат етеді. 2024 жылы ол алтыншы рет тойлануда және оның ұраны «Тұрақты бейбітшілік үшін оқу». Осыған орай, 2024 жылдың 24 қаңтарында Тұрақты Даму Мақсаттарының 4-тармағы «Сапалы білім беру» аясында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ заң факультетінің «Қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу және криминалистика» кафедрасы 6В04201-«Құқықтану», 6В12301-«Құқық қорғау қызметі» білім беру бағдарламасының  1  курс студенттерінің арасында дөңгелек үстел ұйымдастырды.

Кафедраның профессор-оқытушылары құрамы мен білім алушылардың қатысуымен өткен дөңгелек үстелде Қазақстанның 2030 жылға дейін тұрақты дамуын қамтамасыз етуге ықпал ететін 17 басым бағыттағы білім берудің маңызы анықталып, оны кеңінен насихаттау тұрғысында бірқатар маңызды міндеттерді талқылануға кірісті.

Дөңгелек үстелге қатысушы білім алушылар әлемнің түрлі аймақтарындағы білім алудағы теңдіктің, инклюзивті білім берудің өзектілігі мен мәселелері бойынша баяндамалар жасап, пікірталас үстелінде кеңінен талқыланды. Дөңгелек үстел достық атмосферада өтті, онда барлық қатысушылар білімге қол жеткізу, инклюзивті білім беру мәселелерін шешімдері мен әдістері туралы әңгімелесу мүмкіндігін пайдаланды. Соңында үздік баяндамашы, үздік пікірсайысшы номинациялық хаттар және қатысқаны үшін сертификаттар табысталды. Барлық қатысушылар өздерінің үлкен уәждемелерін көрсетіп, білім беру саласындағы ахуалдарға өз шешімдерін ұсынып отырды.

Қорыта келе, білім беру студенттерге маңызды білім, құндылықтар, көзқарастар, дағдылар мен мінез-құлық үлгілерін алуға мүмкіндік беретін трансформациялық процесс болуы керек, бұл оларға өз қауымдастықтарында бейбітшілік катализаторы ретінде қызмет етуге мүмкіндік береді.

Бейбіт, әділ және тұрақты қоғамдардың негізі білім беру арқылы қаланады, біздің күнделікті өміріміздің барлық аспектілеріне енуі тиіс.

 

«Қылмыстық құқық, қылмыстық іс

жүргізу және криминалистика» кафедрасының

аға оқытушысы, з.ғ.к. Даубасов С.Ш.

Байланысты жаналықтар

Тұман, бұрқасын... Ауа райына байланысты ескерту жарияланды

22.02.2025

Жазушы Дулат Исабеков өмірден өтті

21.02.2025

Алматы облысында алаяқ қайтыс болған баланың еміне ақша жинаған

21.02.2025

"Блогерлер салық төлеңдер!". Комитет хабарламасын қайтарып алды

21.02.2025

Перизат Қайрат мүгедек балаларды пайдаланып қайырымдылық ұйымдастырған – ҚМА

21.02.2025

Павлодарда үй өртеніп, адамдар құтқарылды

20.02.2025
MalimBlocks
Тұман, бұрқасын... Ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Кей өңірлерде жел күшейеді

Жазушы Дулат Исабеков өмірден өтті

Алматы облысында алаяқ қайтыс болған баланың еміне ақша жинаған

"Блогерлер салық төлеңдер!". Комитет хабарламасын қайтарып алды

Перизат Қайрат мүгедек балаларды пайдаланып қайырымдылық ұйымдастырған – ҚМА

Павлодарда үй өртеніп, адамдар құтқарылды

Бір адам ыстан уланып, ауруханаға түскен.