Оралда төбелес кезінде ер адамның құлағын кесіп алған

Арман Қайыпхан

  • 13.02.2025

Орал қалалық соты төбелес кезінде қарсыласының құлағын кесіп алған ер адамға қатысты қылмыстық істі қарады. Іс ҚР ҚК 107-бабы («Денсаулыққа қасақана орташа ауырлықтағы зиян келтіру») бойынша қаралды, деп хабарлайды Malim.kz "Мой город" басылымына сілтеме жасап.

Қылмыстық істің материалдарына сәйкес, 2024 жылғы қазан айында сағат 02:00-де ер адам дәмханада демалмақ болған. Сол жерде ол достарымен ішімдік ішіп отырған танысын көріп, амандасуға барған. Танысы оны үстелге қосылуға шақырған. Кейін олардың арасында жанжал туындап, екеуі сыртқа шығып, төбелес басталған.

Төбелес кезінде сотталушы көлік жуу орнына қарай жүгірген. Ол ашық тұрған есіктен кіріп, үстелден ас үй пышағын алған. Кері шыққанда, танысы екі ер адаммен бірге оған қарай жүгіріп келе жатқанын көрген. Ол пышақты сермеген кезде біреуі оның қолын ұстап қалған, сол сәтте сотталушы жәбірленушінің сол құлағын кесіп жіберген, - деп хабарлады БҚО сотының баспасөз қызметі.

Жәбірленуші сотталушыдан 10 млн теңге моральдық және 40 000 теңге материалдық шығын өндіріп беруді талап етті.

Мемлекеттік айыптаушы тағылған айыпты толық қолдады. Жәбірленуші жаза мәселесін соттың қарауына қалдырды. Сотталушы кінәсін мойындап, жасаған ісіне өкінетінін айтты.

Сот оны кінәлі деп танып, 1 000 000 теңге моральдық өтемақы мен 40 000 теңге материалдық шығын төлеуге міндеттеді. Сондай-ақ 3 жылға бас бостандығынан айырды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Фото: "Мой город" басылымы

Байланысты жаналықтар

Көлік шығарумен айналысқан "Бипэк Авто-Азия Авто" иесі 9 жылға сотталды

16.04.2025

Абай облысында жаңа су қоймалары салынады

16.04.2025

"Асфальт қайда?": Халықаралық байқауда жеңіске жеткен оқушы желі жұлдызына айналды

16.04.2025

Депутат Қожаназаров өз ойын дұрыс жеткізу үшін орыс тілінде сөйлейтінін айтты

16.04.2025

"Орыстың да, кәрістің де тұсауын кестім". Депутат Мұқаев сынға жауап берді

16.04.2025

Ұлытау облысында Жеңістің 80 жылдығына қандай шаралар жоспарланған?

16.04.2025
MalimBlocks
Көлік шығарумен айналысқан "Бипэк Авто-Азия Авто" иесі 9 жылға сотталды

Абай облысында жаңа су қоймалары салынады

"Асфальт қайда?": Халықаралық байқауда жеңіске жеткен оқушы желі жұлдызына айналды

Депутат Қожаназаров өз ойын дұрыс жеткізу үшін орыс тілінде сөйлейтінін айтты

"Орыстың да, кәрістің де тұсауын кестім". Депутат Мұқаев сынға жауап берді

Депутат Дәулет Мұқаев бұған дейін тұсау кесемін деп хабарландыру жариялағаны үшін сынға қалған. Ол хабарландыруды не үшін таратқанын Мәжіліс кулуарында бұл жолы журналистерге түсіндіріп беруге тырысты

Ұлытау облысында Жеңістің 80 жылдығына қандай шаралар жоспарланған?

2025 жылы еліміз Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығын атап өтеді.