Павлодарда әкімшілік кешендегі ірі өрт сөндірілді

5 шілде күні таңертең Павлодар қаласында Космонавтар көшесінде орналасқан бір ЖШС аумағында әкімшілік-тұрмыстық кешеннен өрт шықты, деп хабарлайды Malim.kz.
Жалын шамамен 1500 шаршы метр аумақты қамтыды.
Өрт туралы хабар таңғы сағат 5:00 шамасында түскен. Құтқарушылар келген кезде екі қабатты ғимараттың шатыры мен қойма бөлігі жанып жатқан. Оқиға орнында өрт сөндіру штабы құрылды.
Өртті сөндіру барысында жоғары жүктеме, қатты түтін және жел қиындықтар тудырды. Тілсіз жау сағат 08:22-де толық ауыздықталды. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебін мамандар анықтайтын болады.
Фото: https://t.me/qr_tjm


Ең көп оқылған
