Павлодарда балалар үйінің 16 жастағы тәрбиеленушісі жүкті болып қалды

Арман Қайыпхан

  • 14.11.2024

Павлодарда балалар үйінің 16 жастағы тәрбиеленушісі жүкті болып қалды. Үш апталық жүктілік фактісі медициналық тексерумен расталды, деп хабарлайды Malim.kz.

Жергілікті Pavlodarnews.kz басылымының жазуынша, облыс орталығында балалар үйінің бірінде кәмелетке толмаған қыздың аяғы ауыр болып қалғаны туралы ақпаратты бала құқықтары жөніндегі өңірлік уәкілі Сәуле Шәкенова растады.

«Қыз 16 жасқа келді. Ол зорлық-зомбылық фактісін жоққа шығарады. Өзара келісім бойынша байланысқа түскенін айтады. Ал Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, ол келісім беретін жасына кірді. Тиісінше қылмыстық құқық бұзушылықтың құрамы жоқ. Жасөспірім мен баланың әкесі арасында неке қиылды»,– деді Сәуле Шәкенова.

Облыстық білім беру басқармасының аталмыш факт бойынша хабары бар. 

«Тәрбиеленушінің 3 апталық жүктілік фактісі медициналық тексерумен расталды. Факт бойынша қамқоршысы, орталықтың басшысы құқық қорғау органдарына өтініш жазды. Қызға қажетті психологиялық көмек көрсетілді»,– деді басқармада.

Жағдай кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның отырысында қаралды. Орталық басшысы тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Қызға кәмелетке толмаған ер баланың ата-анасы қаржылық көмек көрсетеді.

Фото: depositphotos.com

Байланысты жаналықтар

Көлік шығарумен айналысқан "Бипэк Авто-Азия Авто" иесі 9 жылға сотталды

16.04.2025

Абай облысында жаңа су қоймалары салынады

16.04.2025

"Асфальт қайда?": Халықаралық байқауда жеңіске жеткен оқушы желі жұлдызына айналды

16.04.2025

Депутат Қожаназаров өз ойын дұрыс жеткізу үшін орыс тілінде сөйлейтінін айтты

16.04.2025

"Орыстың да, кәрістің де тұсауын кестім". Депутат Мұқаев сынға жауап берді

16.04.2025

Ұлытау облысында Жеңістің 80 жылдығына қандай шаралар жоспарланған?

16.04.2025
MalimBlocks
Көлік шығарумен айналысқан "Бипэк Авто-Азия Авто" иесі 9 жылға сотталды

Абай облысында жаңа су қоймалары салынады

"Асфальт қайда?": Халықаралық байқауда жеңіске жеткен оқушы желі жұлдызына айналды

Депутат Қожаназаров өз ойын дұрыс жеткізу үшін орыс тілінде сөйлейтінін айтты

"Орыстың да, кәрістің де тұсауын кестім". Депутат Мұқаев сынға жауап берді

Депутат Дәулет Мұқаев бұған дейін тұсау кесемін деп хабарландыру жариялағаны үшін сынға қалған. Ол хабарландыруды не үшін таратқанын Мәжіліс кулуарында бұл жолы журналистерге түсіндіріп беруге тырысты

Ұлытау облысында Жеңістің 80 жылдығына қандай шаралар жоспарланған?

2025 жылы еліміз Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығын атап өтеді.