Премьер-министрдің ұлы соғысқа аттанбақ

Malim Админ

  • 01.10.2020

Арменияның  премьер-министрі Никол Пашинянның ұлы Әзірбайжанмен қарулы қақтығыс болып жатқан Таулы Қарабаққа аттанды. Бұл туралы Sputnik Армения-ға сілтеме жасап, Malim.kz хабарлайды.

Пашинянның жалғыз ұлының ұрыс болып жатқан аумаққа кеткені жайлы анасы Анна АКОПЯН хабарлапты.

«Оған айттым: «иә, балам, форма ки де бар. Сені жақсы көрем, бірақ, еліңді қорғаудан асқан ештеңе жоқ», дедім. Бұл жақта жағдай қалай боларын, сосын ол жақта байланыс бола ма, жоқ па, білмеймін. Қазірше, оның ұрысқа баратындай қажеттілік жоқ екені белгілі болды. Бірақ, мен бұл сөзді қай кезде де айтар едім», - дейді Акопян.

Оның айтуынша, жалғыз ұлының майдан даласына баратынын, қазір формасын дайындап, резервте тұрғанын Никол Пашинянның өзі айтыпты. Ал, шешесі оны қолдаған.

Айта кету керек, 27 қыркүйектен бері Әзірбайжан мен Армения қарулы қақтығысқа жол беріп, екі елдің 1988 жылдан бері таласып келе жатқан Таулы Қарабақта соғыс жағдайы енгізілген. Осыған орай, Армения президенті елде жалпы мобилизация мен әскери жағдай жариялаған.

Армения басшысының ұлы Ашот Пашинян 2018 жылы әскер қатарына барып, отан алдындағы борышын өтеп келген. 9 шілде күні ғана әскер қатарынан қайтқан кіші Пашинян енді қайтадан формасын кимек. Ол әскерге барады дегенде басшысының жалғыз ұлының әскерге баруы - Армения армиясының рейтингін көтереді деген пікірлер айтылған.

Ал, басылымның жазуынша, қазір Арменияда Таулы Қарабаққа баруға сұранған еріктілер саны аз емес. Армения президенті ұлының соғысқа баруға дайын екенін айтып, бәлкім, Армения армиясын тағы бір сергітіп алғысы келген шығар...

Байланысты жаналықтар

Ақтау маңындағы ұшақ апатының барлық дәлелі жиналды - Әзірбайжан Бас прокуроры

20.01.2025

Армения Америкамен ынтымақтастығын нығайтты

15.01.2025

Әзірбайжан Ресей азаматтарының елде болу мерзімін өзгертпек

28.12.2024

Әзірбайжан саяси сарапшысы: Ресей Әзірбайжан халқынан ресми түрде кешірім сұрауы керек

27.12.2024

Ұшақ апаты: Каспий теңізіне гүл шоқтары жіберілді

27.12.2024

Олжас Бектенов Әзербайжан елшілігіне барып көңіл айтты

26.12.2024
MalimBlocks
Ақтау маңындағы ұшақ апатының барлық дәлелі жиналды - Әзірбайжан Бас прокуроры

Ұшақ апаты бойынша үш елде бірдей қылмыстық іс қозғалған

Армения Америкамен ынтымақтастығын нығайтты

Әзірбайжан Ресей азаматтарының елде болу мерзімін өзгертпек

Бұл шара Ресейдің әрекетіне сай қолға алынып отыр

Әзірбайжан саяси сарапшысы: Ресей Әзірбайжан халқынан ресми түрде кешірім сұрауы керек

Мойындаса, одақтас санайтын Әзірбайжан қоғамында жеккөрушілік сезімін азайтатын болады. Мойындамаса, тіпті стратегиялық серіктестің сенімсіз екенін, Әзірбайжан қоғамы жек көруге лайықты екенін көрсетеді

Ұшақ апаты: Каспий теңізіне гүл шоқтары жіберілді

Теңізшілер бұл жалпыға ортақ қасірет екенін жеткізді

Олжас Бектенов Әзербайжан елшілігіне барып көңіл айтты