457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Қарағандыда жаңа туған баланы сатқандар сотталды

Алты адамға жаңа туған нәрестелерді сатуға қатысты операцияларды жасады деген айып тағылды. Олар екі сәбиді сыйға беру және қабылдау, осы әрекетке жәрдемдесу бойынша кінәлі деп танылған, деп хабарлайды Malim.kz.

Осылайша екі жаңа туған нәрестенің биологиялық анасы, перзентхана медбикесі және екі баланы алушы ерлі-зайыптылар сотқа тартылды.

Сот мәліметінше, бір жыл аралығында екі сәбиді дүниеге әкелген әйел оларды балалы бола алмаған отбасыларға сыйға берген. Бұл әрекетке тараптарды таныстырған медбике делдал болған.

Нәтижесінде баланың биологиялық анасын 5 жылға, медбике 8 жылға сотталды. Ал екі отбасылық жұп 8 жылға шартты түрде бас бостандығынан айырылды.

Қамқоршылық органдарына төрт баланың (тәрбиеге берілген екі сәбиді және биологиялық анасымен бірге тұрып жатқан екі баланы) болашағын шешу тапсырылды.

Фото: pixabay