457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Қаржылық мониторинг агенттігі халықты сақ болуға шақырды

Қаржылық мониторинг агенттігі атынан телефон арқылы алаяқтық жасау жағдайы жиілеп кетті, деп хабарлайды Malim.kz.

Қаржылық мониторинг агенттігінің Call-орталығына азаматтардан алаяқтық әрекеттерге қатысты шағымдар саны артқан.

«Белгісіз тұлғалар өздерін ҚМА қызметкері ретінде таныстырып, азаматтарға олардың атына тіркелген «күдікті операциялар» туралы хабарлайды, «ресми өкілеттіктеріне» сілтеме жасап, қаражатты "қауіпсіз шоттарға" аударуға немесе жеке деректерін ашуға итермелейді», - деп жазылған хабарламада.

Алаяқтар көбінесе мынадай схема бойынша әрекет етеді: алдымен «Агенттік қызметкері» қоңырау шалып, кейін «Ұлттық банктің өкілі» ретінде тағы біреуі хабарласып, тәуекелдерді растағандай болады. Азаматтардың шағымдарында жиі кездесетін фамилиялар – «Жалымов», «Жамалетдинов» және т.б.

Деректерді беруден бас тартқан жағдайда, алаяқтар қорқытуға көшеді.

Сондай-ақ жалған мөрлер мен қолтаңбалар қойылған, «ҚМА қызметкерлерінің» атынан жіберілген жалған хаттар анықталды.

Ведомство агенттік қызметкерлері:

  • ресми хабарлама жібермей, телефон арқылы жеке деректерді сұрамайтынын;
  • ақша қаражатын аударуды талап етпейтінін;
  • тек Қазақстан Республикасының заңнамасы аясында әрекет ететінін ресми түрде мәлімдеді.

Call-орталық (1458) мамандарының жедел кеңесі арқылы шамамен 50 алаяқтық әрекеттің жолы кесілді.

ҚМА азаматтарды қырағы болуға, арандатуға ермеуге және күмән туындаған жағдайда Call-center: 1458 нөміріне дереу хабарласуға шақырды.

Фото: istockphoto.com