457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Украинаны қалпына келтіру: Конференцияда 10 млрд еуро уәде етілді

10–11 шілде күндері Римде өтіп жатқан соғыстан кейінгі Украинаны қалпына келтіруге арналған 4-ші халықаралық конференция қатысушылары Киевке көмек ретінде 10 миллиард еуродан астам қаражат бөлуге міндеттеме алды, деп хабарлайды Malim.kz dw.com сайтына сілтеме жасап.

Бұл туралы 10 шілде, бейсенбі күні Италия премьер-министрі Джорджа Мелони хабарлады.

«Бүгін біз елдер, халықаралық ұйымдар, қаржы институттары, жергілікті билік, іскерлік сектор мен азаматтық қоғам өкілдері бірлесе отырып қол жеткізген нәтижемізбен мақтануымыз керек деп ойлаймын», – деді Мелони. «Бүгінгі конференцияда біз 10 миллиард еуродан астам сомаға міндеттемелер қабылдадық», – деп қосты ол.

KNA агенттігінің хабарлауынша, Джорджа Мелони Ресей әскери қызметкерлері украин шіркеулері мен мұражайларын қиратуын қатаң сынға алды.

Бұл мәдени құндылықтар бүкіл Еуропа мұрасының бір бөлігі болып табылады және олар қайта қалпына келтірілетін болады, деді Италия премьері.

Өз кезегінде, 10 шілде күні Еуропарламент сенім білдірген Еурокомиссия төрағасы Урсула фон дер Ляйен де Украинаға жан-жақты қаржылық көмек көрсетуге уәде берді.

Оның айтуынша, Украина қорғаныс өнеркәсібі өз әлеуетінің тек 60 пайызына ғана жұмыс істеп жатыр, және бұл салаға еуропалық компаниялар капитал сала алатын еді. Reuters агенттігінің мәліметінше, Фон дер Ляйен Украинаны қалпына келтіруге арналған жаңа еуропалық қор құруды жариялады, оған жеке сектор қаражаты тартылатын болады.

Фото: Guglielmo Mangiapane/REUTERS