"Қазақ халқына алғыс". Марқұм Шерзат Болаттың әпкесі баспаналы болды

Арман Қайыпхан

  • 10.03.2025

Марқұм Шерзат Болаттың әпкесі Перизат Нұрымованың отбасы жаңа баспанаға қол жеткізді,  деп хабарлайды Malim.kz.

Қуанышты жаңалықты белсенді Дінмұхамед Қаматай әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. Ол Перизат Нұрымова мен оның отбасының ауыр кезеңді бастан өткергенін атап өтті. Осы қиын сәтте қазақстандықтар оларға көмек қолын созып, жаңа үй алып берді.

"Бұл үй – жай ғана баспана емес, жаңа өмірдің бастауы. Алты баланың анасы Перизаттың болашағына сенімділік ұялатуға тырыстық. Бұл қадам оларға жаңа өмір бастауға мүмкіндік береді. Осындай қиын сәтте қолдау көрсету – баршамыз үшін маңызды. Бастаманы қолдаған барлық жанашыр жандарға алғыс білдіреміз!" – деді Қаматай.

Өз кезегінде Перизат Нұрымова да игі іске үлес қосқан қазақстандықтарға шынайы алғысын жеткізді:

"Барша халқыма алғысым шексіз. Бізге қолдау көрсеткен барша жанашыр азаматтарға ризашылығымды білдіремін."

Фото: видеодан кадр

Байланысты жаналықтар

Шерзат ісі: айыпталушылардың бірі өтірік айтқанын мойындады

16.05.2025

Шерзат ісі: сотта адамшошырлық кадрлар көрсетілді

15.05.2025

Шерзат ісі: айыпталушылардың бірі бұған дейін адамға шабуыл жасағаны үшін 7 жылға сотталған

14.05.2025

Шерзат Болаттың ісі: Күдіктілер ұстаған қарудың қайдан шыққаны анықталып жатыр

06.05.2025

Шерзат Болат ісі: судья прокурорды ауыстыруға қатысты шешім қабылдады

06.05.2025

Шерзат Болат соты: айыпталушылардың адвокаттары прокурорды ауыстыруды талап етті

06.05.2025
MalimBlocks
Шерзат ісі: айыпталушылардың бірі өтірік айтқанын мойындады

Шерзат ісі: сотта адамшошырлық кадрлар көрсетілді

Шерзат ісі: айыпталушылардың бірі бұған дейін адамға шабуыл жасағаны үшін 7 жылға сотталған

Шерзат Болаттың ісі: Күдіктілер ұстаған қарудың қайдан шыққаны анықталып жатыр

Оқиға орнына қаруды кім әкелгені әлі белгісіз болып тұр

Шерзат Болат ісі: судья прокурорды ауыстыруға қатысты шешім қабылдады

Шерзат Болат соты: айыпталушылардың адвокаттары прокурорды ауыстыруды талап етті