Қазақстан азаматтығынан бас тартып жатқандар азайып барады

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қариннің төрағалық етуімен Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Азаматтық мәселелері жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды Malim.kz.
Жиында Қазақстан азаматтығына қабылдау және одан шығару мәселелері қаралды.
Басқосуда Мемлекеттік кеңесші соңғы алты жылда еліміздің азаматтығынан бас тартқан адамдардың саны тұрақты түрде азайып келе жатқанын атап өтті.
Мысалы, 2019 жылы 1,7 мың адам азаматтықтан бас тартса, 2020 жылы – 944, 2021 жылы – 123, 2022 жылы – 114, 2023 жылы – 107, ал 2024 жылы 77 адам азаматтықтан шыққан.
Мұның бәрі Қазақстан азаматтығы институтының абырой-беделі артып келе жатқанын және тұрғындардың ел болашағына деген сенімінің нығая түскенін көрсетеді.
Фото: Ақорда

Самое читаемое
