457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Қазақстан Egov порталынан бас тарта ма?

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев Қазақстан Egov порталынан бас тартады деген қауесетке нүкте қойды.

Бұған дейін БАҚ-та ресейлік компания eGov порталына балама ретінде ҚР Үкіметі үшін цифрлық платформа әзірлейтіні хабарлаған еді.

Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды. Сондықтан оны теріске шығарамын. Egov – біздің азаматтарымызға мыңнан астам қызметті ыңғайлы түрде алуға мүмкіндік беретін өте танымал тетік. Өздеріңіз білетіндей, қазір мемлекеттік қызметтердің 90%-дан астамын онлайн режимде алуға болады. Атап айтқанда, Egov-ты тоқтатуға жол бере алмаймыз. Egov - мемлекеттік қызметтерді алудың маңызды құралы, клиенттерге барынша ыңғайлы форматта қызмет көрсетуге мүмкіндік беріп отыр, - деді Ж. Мәдиев Парламент палаталарының бірлескен отырысы алдында тілшілер сұрағына жауап бере отырып.

Оның айтуынша, бүгінде ресейлік компанияға қатысы жоқ отандық «Қазтех» платформасы әзірленіп жатыр.

Ол елімізге арналып жасалып отыр. Бұл өз кезегінде микросервис архитектурасы базасында ақпараттық жүйелерді даярлауға мүмкіндік беретін тетік. Жалпы, бұл бағытта қазақстандық мамандардың өздері жұмыс істеп жатқанын сеніммен айта аламын, - деді министр.

Бұған дейін 

eGov арқылы колледжге құжат тапсыру басталғанын хабарлаған едік. 

Фото: nitec.kz