Қазақстан-Ресей шекарасында енгізілген QR-код көлік кептелісін туғызды

Мәртөк ауданындағы "Жайсан" шекаралық бақылау-өткізу бекетінде ауыр жүк көліктерінің кептелісі тіркелді, деп хабарлайды Malim.kz.
Оқиға орнына дереу ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары мен №20982 әскери бөлімінің әскери қызметшілері жіберілді.
Құтқарушылар тарапынан жүргізушілерге жедел көмек ұйымдастырылды: ыстық тамақ, ауыз су беріліп, медициналық көмек көрсетілуде, санитарлық бақылау жүргізіліп, қажетті ақпараттық қолдау көрсетілуде.
Кептелістің негізгі себебі – шекарадан визасыз өту үшін QR-кодты міндетті түрде пайдалану жөніндегі жаңа тәртіптің енгізілуі.
Қазіргі таңда жағдай тұрақты бақылауда. Жүргізушілерге қажетті көмекті көрсету бойынша барлық шаралар уақтылы қабылданып, ахуалды тұрақтандыру жұмыстары жалғасуда, – деп жазылған хабарламада.
Фото: ТЖМ


Ең көп оқылған
