Қазақстан халық ассамблеясы референдум өткізетіні рас па?

Қазақстан халық ассамблеясы 23-24 сәуірде өтетін референдум туралы тараған хабарламаны жоққа шығарды

Сұлу Бөлек

  • 03.04.2025

Қазақстан халық ассамблеясы 23-24 сәуірде өтетін референдум туралы тараған хабарламаны жоққа шығарды, - деп хабарлайды Malim.kz.

Қазақстандықтар WhatsApp-та Ассамблеяның алдағы сессиясында референдум өткізу мәселесі қаралады деген хабарлама таратып жатыр.

Қарағанды облысы полициясы жалған ақпарат таратқандар ұсталғанын және оларды әкімшілік жауапкершілікке тартылғанын мәлімдеді.

"Әлеуметтік желілерде Ассамблеяның алдағы сессиясында референдум өткізу мәселесінің талқыланатыны туралы жалған ақпарат таралып жатыр. Қарағанды облысы полиция қызметкерлері жалған ақпарат таратқан екі тұрғынды анықтап, ұстап, әкімшілік жауапкершілікке тартты. Тексеру жұмыстары жалғасып жатыр. Жалған мәліметтер таратқан басқа да тұлғалар жауапкершілікке тартылатын болады", – деп мәлімдеді полиция.

Сонымен қатар, өңірлік полиция департаменті азаматтарға жалған ақпарат тарату үшін қылмыстық жауапкершілік бар екенін еске салды. Ведомство тұрғындарды тек ресми дереккөздерге сенуге шақырды.

Хабарламаға Қазақстан халық ассамблеясы вице-төрағасы Лугмар Буларов та жауап берді.

"Қазақстан халық ассамблеясы вице-төрағасы ретінде ресми түрде мәлімдеймін, бұл – толық жалған ақпарат және арандату. Мен тікелей Ассамблеяның алдағы сессиясы мен оның 30 жылдығын ұйымдастыру ісіне қатысып отырмын. Сондықтан бұл мәселе талқыланбағанын және талқыланбайтынын сенімді түрде айта аламын. Ассамблея ешқашан мұндай өкілеттіктерге ие болмаған. Мұндай фейктерді арандатушылар мен ел дұшпандары таратып жатыр. Қазақстан азаматтарынан осы жалған манипуляцияларға ермеуін сұраймын", – деп жазды Лугмар Буларов.

Қазақстан халық ассамблеясы – бұл консультативті-кеңесші орган, ол республиканың барлық ұлт пен ұлысты біріктіреді. Өткен сессияның күн тәртібі "Бірлік. Құрылыс. Прогресс" тақырыбында 2024 жылғы 24-25 сәуірде Астанада өтті.

Байланысты жаналықтар

ҰҚК қазақстандықтарға ескерту жасады

08.05.2025

Қазақстанның жері Қытайға сатылғаны рас па? Үкімет жауабы

28.04.2025

Димаш Құдайбергеннің командасы халыққа ескерту жасады

25.04.2025

Қазақстан Ресейдің ықтимал шабуылына дайындалып жатыр деген ақпарат тарады

25.04.2025

Мемлекеттік қызмет істері агенттігі жалған ақпарат тарап жатқанын мәлімдеді

08.12.2024

Астана әуежайы жолаушылардың жүгін сатады деген ақпарат тарады

30.10.2024
MalimBlocks
ҰҚК қазақстандықтарға ескерту жасады

Қазақстанның жері Қытайға сатылғаны рас па? Үкімет жауабы

бұл - жалған ақпарат

Димаш Құдайбергеннің командасы халыққа ескерту жасады

Әншінің атынан жалған ақпарат таралған

Қазақстан Ресейдің ықтимал шабуылына дайындалып жатыр деген ақпарат тарады

Мемлекеттік қызмет істері агенттігі жалған ақпарат тарап жатқанын мәлімдеді

Агенттік оған сенбеуді және жауап бермеуді сұрайды

Астана әуежайы жолаушылардың жүгін сатады деген ақпарат тарады

Әуежайдың баспасөз қызметі бұған қатысты түсініктеме берді