457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Димаш Құдайбергеннің командасы халыққа ескерту жасады

Әншінің атынан жалған ақпарат таралған

Желіде Димаш Құдайберген жеңіл жолмен ақша табуға арналған қосымшаны жарнамалап жатыр деген видео пайда болды, деп хабарлайды Malim.kz.
Әншінің командасы Instagram парақшасында бұл алаяқтардың ісі екенін ескертті.

DimashNews ақпараттық порталының хабарлауынша, видео – жалған.

Құрметті ағайын! Желіде Димаш Құдайбергеннің ақша табуға арналған қосымшаны "жарнамалаған" АЛАЯҚТАР жасаған жалған видеолар таралып жатыр. Дауыс пен видео жасанды интеллект технологиялары арқылы жасалған және әншінің бұл бейнежазбаларға еш қатысы жоқ! Сақ болыңыздар! Күдікті сілтемелерге кірмеулеріңізді және жалған ақпаратқа сенбеулеріңізді сұраймыз, - деп жазды Қанат Айтбаев.

Фото: әлеуметтік желі

Бұл туған күн емес, өлген күн - авиация маманы
Аналитика
|
09.06.2025 14:20
2025-06-09 14:20:00

Ең көп оқылған