457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Қазақстанда 1 маусымды мемлекеттік мереке ету ұсынылды

Мәжіліс депутаты Сейітжан Кенжегұл Премьер-министр Олжас Бектеновке жолдаған депутаттық сауалында демалыс күндерін алдын ала — екі жыл бұрын бекіту қажеттігін көтерді, деп хабарлайды Malim.kz.

Оның айтуынша, қазіргі тәжірибеге сәйкес, демалыс күндерін ауыстыру туралы шешімдер тек 2 апта немесе 1,5 ай бұрын қабылданады. Бұл жағдай бизнеске кедергі келтіріп, кәсіпорындардың жоспарлау процесіне әсер етеді.

«2025 жылы бірден 2025–2027 жылдарға арналған демалыс күндерінің нақты кестесін бекіту керек. Бұл компанияларға өндірістік және бизнес-процестерін алдын ала жоспарлауға, ал азаматтарға демалысын ертерек белгілеуге мүмкіндік береді», – деді Сейітжан Кенжегұл.

Сондай-ақ депутат 1 маусым – Балаларды қорғау күнін ресми мемлекеттік мереке ретінде бекітуді ұсынды. Оның пікірінше, бұл бастама балалар қауіпсіздігі мен әл-ауқатын арттыруға, отбасылық құндылықтарды нығайтуға және Қазақстанның әлеуметтік-бағдарлы имиджін күшейтуге ықпал етеді.

Сейітжан Кенжегұл Үкіметтен осы ұсыныстарға қатысты ресми ұстаным білдіруді сұрады.