Қазақстанда ет өндірісі артып келеді

Сұлу Бөлек

  • 04.05.2025

Қазақстанның ет өңдеу саласы оң даму динамикасын көрсетті. 1 қаңтардағы жағдай бойынша елімізде 213 ет өңдеу кәсіпорны жұмыс істейді, оның ішінде 34-інде сою цехтары бар, ал 179-ы — шағын және орта кәсіпорындар, - деп хабарлайды Malim.kz.

2024 жылдың қорытындысы бойынша, барлық түрдегі еттің соғым салмағындағы өндіріс көлемі шамамен 1,2 млн тонна болып, 4,3%-ға артты. Соның ішінде ірі қара мен ұсақ малды өңдеу көлемі 270 мың тоннаға жетіп, 2023 жылмен (230 мың тонна) салыстырғанда 17%-ға ұлғайды.

Жаңа және салқындатылған ет өндірісі 5%-ға өсіп, 79,9 мың тоннадан 83,8 мың тоннаға жетті. Шұжық өнімдері өндірісі 5,2%-ға артып, 68,4 мың тоннадан 71,9 мың тоннаға дейін көбейді. Ет консервілері өндірісі 4,9%-ға өсіп, 5,9 мың тоннадан 6,2 мың тоннаға жетті.

2025 жылы да бұл өсім жалғасады. Жылдың алғашқы үш айында: барлық түрдегі ет өндірісі — 2,8%-ға, қосалқы өнімдер — 20%-ға, шұжық өнімдері — 12,6%-ға, ет консервілері — 34,6%-ға артты.

Ет өнімдері экспорты да айтарлықтай өсті. 2024 жылы: 22,1 мың тонна сиыр еті, 17,5 мың тонна қой еті экспортталды.

Негізгі экспорт бағыттары: Өзбекстан — 20,7 мың тонна сиыр еті және 13,9 мың тонна қой еті, БАӘ — 1,2 мың тонна қой еті, Иран — 1,2 мың тонна қой еті.

2025 жылдың алғашқы екі айында: сиыр және қой етінің экспорты — 2 есеге, шұжық өнімдерінің экспорты — 2,7%-ға, ет консервілерінің экспорты — 3,6 есеге артты.

Саланы қолдау мақсатында мемлекеттік қолдау шаралары көзделген. Атап айтқанда: өндірісті жаңғырту және жаңа кәсіпорындар салуға салынған инвестициялық шығындардың 25%-ына дейін өтеу, айналым қаражаты мен негізгі құралдарға берілетін несиелер бойынша пайыздық мөлшерлемелерді субсидиялау қарастырылған.

Бұл шаралар өндіріс пен экспорттың өсуіне ғана емес, сонымен қатар елдің бәсекеге қабілетті агроөнеркәсіптік кешенін қалыптастыруға да ықпал етеді.

Фото: gov.kz

Байланысты жаналықтар

Қазақстандағы орташа жалақы 423 мың теңгеге жетті

12.05.2025

Сауда министрлігі әлеуметтік тауарлар бағасын бақылауды күшейтеді

08.05.2025

Қазақстан халқының саны белгілі болды

02.05.2025

Тәуелсіздік алғалы Қазақстанға қанша қандас оралды?

24.04.2025

Қазақстанда ең көп кітапхана қай өңірде орналасқан?

23.04.2025

Қазақстанда қанша кітапхана бар?

23.04.2025
MalimBlocks
Қазақстандағы орташа жалақы 423 мың теңгеге жетті

Сауда министрлігі әлеуметтік тауарлар бағасын бақылауды күшейтеді

Қазақстан халқының саны белгілі болды

Тәуелсіздік алғалы Қазақстанға қанша қандас оралды?

Қазақстанда ең көп кітапхана қай өңірде орналасқан?

Қазақстанда қанша кітапхана бар?

Елімізде қанша кітапхана бары айтылды