457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Қазақстанда найзағай, дауыл және аптап ыстық күтіледі

2025 жылғы 28 шілде, дүйсенбі күні Қазақстан аумағының басым бөлігінде жауын-шашын, найзағай, желдің күшеюі, ал кей жерлерде бұршақ пен шаңды дауыл күтіледі, деп хабарлайды Malim.kz.

Синоптиктердің айтуынша, елдің солтүстігінде қатты жаңбыр жауып, кей аймақтарда дауыл соғып, бұршақ түсуі мүмкін. Түнде және таңертең тұман түседі. Ал еліміздің оңтүстік-батысында ғана ауа райы ашық болады.

Желдің екпіні республиканың көптеген өңірлерінде күшейеді. Оңтүстікте шаңды дауыл болады.

Қатты аптап күтіледі

Күндіз Жетісу, Абай, Жамбыл, Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарында аптап ыстық болады – ауа температурасы +35...+38°C дейін жетеді.

Өте қатты ыстық Жетісу облысының солтүстік-батысында және орталығында, Абай облысының оңтүстігінде, сондай-ақ Алматы облысының батысы мен солтүстігінде күтіледі. Бұл өңірлерде ауа температурасы +41...+42°C-қа дейін көтеріледі.

Фото: freepik.com