Қазақстанда толық автономды ЖИ жүйелеріне тыйым салынады

Бұдан бөлек, жоба жасанды интеллектті пайдаланудың кейбір түріне де тыйым салады

Malim Админ

  • 14.05.2025

«Жасанды интеллект туралы» заң жобасында қауіпсіздік мәселелеріне ерекше көңіл бөлінген. ЖИ жүйелері тәуекел деңгейіне қарай ең төменгіден жоғарыға дейін жіктеледі.

Қауіптілігі жоғары жүйелер маңызды ақпараттық және коммуникациялық инфрақұрылым ретінде жіктеледі. Бұл олардың қауіпсіздігін бақылауды қамтамасыз етеді.

Заң жобасы жасанды интеллект жүйелерін көмекшілерге, жартылай автономды жүйелерге және толық автономды алгоритмдерге бөледі. Соңғысына Қазақстан Республикасы аумағында тыйым салынады.

Бұдан бөлек, жоба жасанды интеллектті пайдаланудың кейбір түріне де тыйым салады. Мысалы:

– Адамдардың саналы келісімінсіз мінез-құлқына әсер ететін жасанды интеллектіні қолдануға;
– Адамдардың осалдығын (жасы, мүгедектігі, әлеуметтік жағдайы) әдейі пайдаланатын жасанды интеллектіні пайдалануға;
– Адамдарды әлеуметтік мінез-құлқы немесе сипаттамалары бойынша бағалауға немесе жіктеуге (әлеуметтік скоринг);
– Адамдардың эмоцияларын олардың келісімінсіз талдау үшін жасанды интеллектіні пайдалануға;
– Заңмен рұқсат етілген жағдайлардан басқа кезде нақты уақыт режимінде қоғамдық орындарда бет-әлпетті тану үшін жасанды интеллектіні қолдануға;
– Заңнамада тыйым салынған жасанды интеллект қызметінің нәтижелерін жасауға және таратуға тыйым салынады.

Реттеудің маңызды бөлігі – ЖИ жүйелері келтірген зиянды өтеу. Заңда ЖИ жүйелерінің иелері мен операторлары пайдаланушыларға келтірілген кез келген зиян үшін жауап береді. Жасанды интеллект жауапкершілігін сақтандыру ерікті шара ретінде ұсынылған, бірақ ол азаматтардың құқықтарын қорғаудың маңызды элементі болуы мүмкін.

Осы және басқа да ұсынымдар жаңа технологиялық қоғам жағдайында адам құқықтарын қорғаудың халықаралық стандарттарына сәйкестендірілді.

Фото: freepik.com

 

Байланысты жаналықтар

Қазақстан алғаш рет күнбағыс майының үздік 10 экспорттаушысы қатарына енді

15.05.2025

Жасанды интеллекті қолданып жасаған туындының авторы кім болады?

14.05.2025

Украина­ның Қазақстандағы бұрынғы елшісіне сот үкімі шықты

13.05.2025

Қазақстан мен БАӘ 5 млрд долларға жуық инвестициялық құжатқа қол қойды

12.05.2025

"Украинаға жұмыс істейді". Ресейде әйел курткасы үшін "экстремизм" күдігімен ұсталды

12.05.2025

Италия өңірін азат етуде қаза болған 36 қазақстандық жауынгер туралы білесіз бе?

12.05.2025
MalimBlocks
Қазақстан алғаш рет күнбағыс майының үздік 10 экспорттаушысы қатарына енді

Жасанды интеллекті қолданып жасаған туындының авторы кім болады?

Бұл мәселеге қазір бүкіл әлем бас қатырып отыр

Украина­ның Қазақстандағы бұрынғы елшісіне сот үкімі шықты

Қазақстан мен БАӘ 5 млрд долларға жуық инвестициялық құжатқа қол қойды

"Украинаға жұмыс істейді". Ресейде әйел курткасы үшін "экстремизм" күдігімен ұсталды

Италия өңірін азат етуде қаза болған 36 қазақстандық жауынгер туралы білесіз бе?