Қонаққа барғандай... Қазақстанда жаңа неке пайда болды

Сарапшылар бұл үрдіс болашақта трендке айналады деп отыр

Malim Админ

  • 14.01.2025

Бұл туралы Қазақстан қоғамдық даму институты жариялаған Қазақстан отбасылары ұлттық баяндамасында айтылды, - деп хабарлайды Malim.kz. 

Қазақстанда «қонақ неке» пайда болып, үлкен жас айырмасымен үйлену көбейді. 
Сарапшылардың айтуынша, Қазақстанда жаңа неке түрі “қонақ неке” пайда болды.

Қонақ неке – ресми тіркелген неке. Жұбайлар бөлек тұрады және аптасына 2-3 рет кездеседі. Олардың бөлек тұруы жанжалдасуларымен немесе өзара келіспеушіліктерімен байланысты емес. Қонақ неке жұбайлардың әртүрлі қалаларда немесе елдерде тұруынан немесе біреуінің вахталық әдіспен жұмыс істеуінен туындайды. Сонымен қатар, сарапшылар тағы бір кең таралған құбылыс ретінде жұбайы өзінен айтарлықтай үлкен болатын некелердің көбеюін атап өтеді. Сарапшылар бұл үрдіс болашақта трендке айналып, туу деңгейіне ықпал етеді және бұл елдің демографиялық дамуына теріс әсер етуі мүмкін деп санайды, - делінген баяндамада. 

Сарапшылардың пікірінше, жастар арасында отбасылық өмірге деген көзқарас өзгеріп, қаржылық тәуелсіздік пен тұрақтылыққа басымдық беріліп жатыр.

Ал ата-аналар қыздарын тұрмысқа шыққанға дейін жеке баспанамен қамтамасыз етуге тырысады. Жастар арасында бұл, бәлкім, ең алдымен мансапқа деген назар. Көптеген жастар жақсы білім алып, мансап құрып, отбасын құрмай тұрып, қаржылық тәуелсіз және тұрақты болғысы келеді. Жастар тәуелсіз болуды қалайды. Мысалы, қыздарға ата-анасы үй сатып алып беруге тырысады, сонда ол өз үйіне ие болады. Қазір осындай үрдіс бар. Тең құқықтық қатынастар, міндеттерді тең бөлу және тағы басқа», - деген астаналық оқытушы пікірі баяндамада берілген.

Фото: pixabay.com

Байланысты жаналықтар

Баласына алимент төлемеген әйел сотталып кетті

16.04.2025

Көлік шығарумен айналысқан "Бипэк Авто-Азия Авто" иесі 9 жылға сотталды

16.04.2025

Абай облысында жаңа су қоймалары салынады

16.04.2025

"Асфальт қайда?": Халықаралық байқауда жеңіске жеткен оқушы желі жұлдызына айналды

16.04.2025

Депутат Қожаназаров өз ойын дұрыс жеткізу үшін орыс тілінде сөйлейтінін айтты

16.04.2025

"Орыстың да, кәрістің де тұсауын кестім". Депутат Мұқаев сынға жауап берді

16.04.2025
MalimBlocks
Баласына алимент төлемеген әйел сотталып кетті

Көлік шығарумен айналысқан "Бипэк Авто-Азия Авто" иесі 9 жылға сотталды

Абай облысында жаңа су қоймалары салынады

"Асфальт қайда?": Халықаралық байқауда жеңіске жеткен оқушы желі жұлдызына айналды

Депутат Қожаназаров өз ойын дұрыс жеткізу үшін орыс тілінде сөйлейтінін айтты

"Орыстың да, кәрістің де тұсауын кестім". Депутат Мұқаев сынға жауап берді

Депутат Дәулет Мұқаев бұған дейін тұсау кесемін деп хабарландыру жариялағаны үшін сынға қалған. Ол хабарландыруды не үшін таратқанын Мәжіліс кулуарында бұл жолы журналистерге түсіндіріп беруге тырысты