Қазақстанда жыныс ауыстыруға бола ма?

Үкімет басшысы мәжілісмен Магеррам Магеррамовтың депутаттық сауалына жауап берді

Сабина Асқарқызы

  • 28.03.2025

Қазақстанда жыныс ауыстыру операциялары жүргізілмейді. Бұл туралы премьер-министр Олжас Бектенов мәлімдеді, деп хабарлайды Malim.kz.

Үкімет басшысы мәжілісмен Магеррам Магеррамовтың депутаттық сауалына жауап берді. Депутат елімізде қанша адамның жынысын хирургиялық жолмен өзгерткені туралы сұрап, мұндай процедураларға тыйым салу қажет деген ұсыныс білдірген болатын.

Ақпан айында депутат Парламентте сөйлеген сөзінде жыныс ауыстыруға ұмтылатын адамдардың психикасы мен мінез-құлқында ауытқулар болуы мүмкін деген пікір айтқан. Ол бұл жағдайға алаңдаушылық білдіріп, жыныс ауыстыру операцияларына және гормондық терапияға тыйым салуды талап еткен.

Премьер-Министрдің айтуынша, қазіргі уақытта Қазақстанда жыныс ауыстыру мақсатында хирургиялық операциялар жүргізілгені жөнінде бірде-бір дерек тіркелмеген. Сонымен қатар, мұндай медициналық қызметтер Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (ОСМС) аясында да көрсетілмейді. Яғни мемлекет тарапынан бұл бағыттағы емшаралар қаржыландырылмайды.

Осы мәселеге қатысты, қажет болған жағдайда, мемлекеттік органдар депутаттар корпусымен бірлесе отырып заңнамаға өзгерістер енгізу мүмкіндігін қарастыруға дайын, – делінген ресми хабарламада.

Айта кету керек, 2019 жылдан бастап Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы трансгендерлікті психикалық ауытқулар санатынан алып тастаған. Ол қазір Аурулардың халықаралық классификациясының (МКБ-11) тізіміне психикалық дерт ретінде енгізілмейді.

Фото: pixabay.com

Байланысты жаналықтар

Бектенов сарапшылармен экономиканың даму мәселелерін талқылады

17.05.2025

Президент тапсырмасының орындалуы: Ауыл шаруашылығы инновациялық технологияларға негізделеді

17.05.2025

Олжас Бектенов Шетелдік инвесторлар кеңесінің аралық отырысын өткізді

16.05.2025

Таразда депутат соққыға жығылды

14.05.2025

Бектенов ұшқыш Талғат Бигелдиновтің ескерткішіне гүл шоқтарын қойды

09.05.2025

Бектенов полипропилен өндірісінің неге тоқтағанын анықтауды тапсырды

05.05.2025
MalimBlocks
Бектенов сарапшылармен экономиканың даму мәселелерін талқылады

Президент тапсырмасының орындалуы: Ауыл шаруашылығы инновациялық технологияларға негізделеді

Жасанды интеллект пен Big Data-ны пайдалану арқылы егістік алқаптары мен мал шаруашылығын тиімді басқаруға мүмкіндік туды

Олжас Бектенов Шетелдік инвесторлар кеңесінің аралық отырысын өткізді

Таразда депутат соққыға жығылды

Бектенов ұшқыш Талғат Бигелдиновтің ескерткішіне гүл шоқтарын қойды

Бектенов полипропилен өндірісінің неге тоқтағанын анықтауды тапсырды

Түпкілікті шешім қабылдаңыздар, — деді Үкімет басшысы