457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Қазақстандық банктің экс-қызметкері Мәскеуде ұсталып, елге экстрадицияланды

Миллиондар ұрлады деген күдікке ілінген қазақстандық банктің бұрынғы қызметкері Ресейден экстрадицияланды, деп хабарлайды Malim.kz ҚР Бас прокуратурасына сілтеме жасап.

Тергеу мәліметінше, 2015-2017 жылдар аралығында Астанадағы банктердің бірінде жетекші менеджер қызметін атқарған әйел 31 миллион теңгеден астам қаражатты иемденіп, жымқырған.

Қылмыстан кейін ол ізін суытып, оған халықаралық іздеу жарияланған.

«Өткен жылдың маусымында күдікті Мәскеу қаласында ұсталды. ҚР Бас прокуратурасының сұрауы бойынша ол Қазақстанға экстрадицияланды. Қазіргі уақытта тергеу изоляторына қамалды», — делінген Бас прокуратураның хабарламасында.

Егер оның кінәсі дәлелденсе, жеті жылға дейін бас бостандығынан айырылып, мүлкі тәркіленуі мүмкін.

Фото: видеодан кадр