Қазақстаннан Ресейге заңсыз өтпек болған жұмысшылар ұсталды

Ақтөбе облысындағы «Жайсан» шекара бекетінде заңсыз миграция дерегі тіркелді, деп хабарлайды Malim.kz.
2025 жылғы 12 мамырда Қазақстан ҰҚК Шекара қызметінің мәліметінше, Ресейге транзитпен өтпек болған жүк көлігін тексеру кезінде салынған жүктің арасынан 29 шетел азаматы табылған. Олар мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өтпек болған.
Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің «Заңсыз көші-қонды ұйымдастыру» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.
ҰҚК Шекара қызметі Қазақстан шекарасын және оның режимін бұзу ұлттық заңнамаға сәйкес әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатынын еске салды.