Қазақтар жылқыны алғаш қолға үйреткен халық емес - ресейлік антрополог

Сабина Асқарқызы

  • 05.05.2025

Ресейлік антрополог әрі ғылымды насихаттаушы Станислав Дробышевский қазақ даласындағы Ботай мәдениетін жылқыны алғашқы қолға үйреткен өркениет ретінде қарастыруға күмән келтірді, деп хабарлайды Malim.kz.

  Qazaq.today басылымының жазуынша, антрополог «Лекторий Достоевский» YouTube арнасындағы «Орыстардың шығу тегі» атты видеосында айтқан.

«Ботайлықтар – жылқыны үйретпеген, олар оны аулаған»

Дробышевский қола дәуіріндегі тарихи процестерді талдай келе, Ботай мәдениетіндегі жылқылар үйретілген емес, аулауға арналған жабайы жануарлар болған деп есептейді:

Қазақтар Ботай мәдениетін алғаш жылқы қолға үйретілген мәдениет деп санайды. Бірақ олай емес. Ботай жылқылары – бұл палеонтологтарға түсінікті түрде – жай ғана аулау нысаны. Бұл – қазақтар үшін көңілсіз жаңалық, – деді ол.

Ғалымның пайымынша: Жылқыны алғаш үйреткен – Оңтүстік Орал аймағы

Зерттеушінің айтуынша, жылқыны қолға үйрету шамамен Оңтүстік Орал немесе Қырымға дейінгі кең аймақта орын алған:

Ұзақ уақыт бойы жылқылар болған жоқ. Сосын бір жақсы адамдар жылқыны қолға үйретті — шамамен Оңтүстік Оралда. Бірақ нақты орны кең болуы мүмкін, – деді Дробышевский.

Ал ғылыми деректер не дейді?

Nature ғылыми журналында жарияланған археологиялық және генетикалық зерттеулерге сүйенсек, Солтүстік Қазақстандағы Ботай мәдениеті (б.з.д. 3700–3100 жж.) жылқыны алғаш қолға үйреткен тарихи орталықтардың бірі болып саналады.

Бұл зерттеулерге сүйене отырып, көптеген ғалымдар қазақ даласындағы Ботай қоныстары — жылқы шаруашылығының бастау алған жері деп таниды.

Фото авторы: Ерлан ОМАР, «ЕQ»

Байланысты жаналықтар

Алматыда Жеңіс күніне орай дрондар шоуы өтті

09.05.2025

Алакөлден Бурабайға дейін: мемлекет балалардың жолақысын өтеп беретінін білесіз бе

09.05.2025

Қазақстанда алдағы күндері 37 градусқа дейін ыстық болады

09.05.2025

Мәскеудегі шеруде Қазақстан қарулы күштерінің сарбаздары сап түзеді

09.05.2025

Сотталғандарды колонияларда ұстау ережелеріне өзгерістер енгізіледі

09.05.2025

Шымкентте көзі тірі екі соғыс ардагеріне көлік сыйлады

09.05.2025
MalimBlocks
Алматыда Жеңіс күніне орай дрондар шоуы өтті

Алакөлден Бурабайға дейін: мемлекет балалардың жолақысын өтеп беретінін білесіз бе

Қазақстанда алдағы күндері 37 градусқа дейін ыстық болады

Мәскеудегі шеруде Қазақстан қарулы күштерінің сарбаздары сап түзеді

Сотталғандарды колонияларда ұстау ережелеріне өзгерістер енгізіледі

Шымкентте көзі тірі екі соғыс ардагеріне көлік сыйлады