«Қазгидромет» 11 мамырға метеорологиялық болжамын ұсынды

Еліміздің басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады

Malim Админ

  • 11.05.2024

«Қазгидромет» РМК ел аймақтарында 11 мамырда болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжам жасады.

Оның хабарлауынша, атмосфералық фронталды бөліктер еліміздің басым бөлігінде тұрақсыз ауа райын сақтайды: найзағай ойнап, жаңбыр жауады, әсіресе оңтүстік, оңтүстік-шығыс, шығыста қатты жаңбыр жауып, бұршақ түседі. Республикамыздың батысы, солтүстік-батысы, солтүстігінде антициклон әсерінен жауын-шашынсыз ауа-райы күтіледі. Республика бойынша желдің күшеюі, оңтүстігі, оңтүстік-шығысы, шығысында дауыл, батысы, солтүстік-батысында түнгі және таңертеңгі сағаттарда тұман болжанып отыр.

Түнде Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, Ақтөбе облысының солтүстігінде, Қостанай облысының батысында, шығысында, Ақмола облысының батысында, оңтүстігінде, Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде 1-3 градус үсік жүруі мүмкін.

Қарағанды облысының батысында, оңтүстігінде, Ұлытау облысының орталығында, Абай, Ақтөбе облыстарының оңтүстігінде, Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, орталығында, Қызылорда облысының батысында, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады, осындай жағдай Атырау облысының батысында болжанып отыр. Түркістан облысының шөлді аудандарында төтенше өрт қаупі сақталады.

Фото: Egemen.kz

Байланысты жаналықтар

Баласына алимент төлемеген әйел сотталып кетті

16.04.2025

Көлік шығарумен айналысқан "Бипэк Авто-Азия Авто" иесі 9 жылға сотталды

16.04.2025

Абай облысында жаңа су қоймалары салынады

16.04.2025

"Асфальт қайда?": Халықаралық байқауда жеңіске жеткен оқушы желі жұлдызына айналды

16.04.2025

Депутат Қожаназаров өз ойын дұрыс жеткізу үшін орыс тілінде сөйлейтінін айтты

16.04.2025

"Орыстың да, кәрістің де тұсауын кестім". Депутат Мұқаев сынға жауап берді

16.04.2025
MalimBlocks
Баласына алимент төлемеген әйел сотталып кетті

Көлік шығарумен айналысқан "Бипэк Авто-Азия Авто" иесі 9 жылға сотталды

Абай облысында жаңа су қоймалары салынады

"Асфальт қайда?": Халықаралық байқауда жеңіске жеткен оқушы желі жұлдызына айналды

Депутат Қожаназаров өз ойын дұрыс жеткізу үшін орыс тілінде сөйлейтінін айтты

"Орыстың да, кәрістің де тұсауын кестім". Депутат Мұқаев сынға жауап берді

Депутат Дәулет Мұқаев бұған дейін тұсау кесемін деп хабарландыру жариялағаны үшін сынға қалған. Ол хабарландыруды не үшін таратқанын Мәжіліс кулуарында бұл жолы журналистерге түсіндіріп беруге тырысты