ҚФФ-ның бұрынғы президенті Әділет Барменқұловқа іздеу жарияланды

Қазақстан футбол федерациясының бұрынғы президенті Әділет Барменқұловқа іздеу жарияланды.
Бұл туралы ҚМА мәлімдеді, деп хабарлайды Malim.kz.
«БАҚ тарапынан келіп түскен сұраныстарға байланысты ҚМА Қазақстан футбол федерациясының бұрыңғы басшылығына қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастағанын растайды. Барлық тергеу әрекеттері заңнама талаптарына сай жүргізілуде», - делінген хабарламада.
ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жарияланбайды, - делінген мәліметте.
Барменқұлов 2021-2024 жылдар аралығында ҚФФ басшысы қызметін атқарған.19 қарашада ұйымның кезектен тыс отырысында ол қызметінен кетті.
Фото: ҚФФ