ҚМДБ мәһірге байланысты маңызды шешім қабылдады

Діни басқарма қалың мал мен мәһірді біріктірді

Сабина Асқарқызы

  • 18.11.2024

Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасы тұрмысқа шыққан қызға берілетін қалың мал мен мәһірді біріктірді, деп хабарлайды Malim.kz.

Қалыңмал – қазақ халқының дәстүрлі ғұрыптық салтындағы қалыңдық үшін берілетін мал. Фиқһ кітаптарында ұзатылып жатқан қызға жиһаз әперу үшін күйеу жігіт тарапынан берілетін мал-мүлікті «дустиман» деп атайды.

Қазақ дәстүріндегі қалыңмалды ислам шариғатындағы мәһір деп есептеуге қатысты ғалымдардың бірнеше көзқарасы бар:

Кейбір Хорезмдық және одан да басқа ғалымдар қыздың артынан келетін қалыңмалды тездетіп берілетін мәһір деп санаған.

Имам әл-Касани: «Неке қию барысында қыз разылығын ашық айтуға ұялғанындай, мәһірін сұрауға да қысылады. Қыздың үндемеуі оның разылығын білдіргеніндей, мәһірін әкесі алып жатқанда да үндемеуі разы екендігін білдіреді. Әдетте әкесі мәһірді алғаннан кейін үстіне қаражат қосып, қыздың артынан жиһазын алып барады», – деген.

Кейбір ғалымдар қалыңмалды ұзатылып жатқан қызға белгілі бір нәрсенің (жиһаз т.б.) есесіне берілетін сыйлық деген.

Ибн Абидин: «Неке қиярда «дустиманды» мәһір деп айтса, онда ол тездетіліп берілген мәһір есебінде болады әрі күйеуі жасауын алып келуді талап ете алмайды. Ал неке қиярда мәһір деп айтылмаса, ол қарымта қайтару шартымен берілген сыйлық болып саналады. Мұндай жағдайда әдет-ғұрыпқа сай қыз тарапынан жасау талап ете алады», – деген.

Қазақ дәстүрінде қалыңмал – қалыңдық үшін берілетін мал-дүние. Егер екі жас ажырасқан жағдайда қалыңдық малы қыздың иелігінде қалатын болған. Осы тұрғыдан қалыңмалды мәһір деп санауға болады.

Ал «әке еңбегі», «ана сүті», т.с.с. қыздың әке-шешесіне, туыстарына берілетін мал-мүлік мәһірге саналмайды. Сондай-ақ, қыздың жасауын әкесі өз мүлкінен алып берсе, бұл мәһір болып есептелмейді.

Қалыңмал берілмейтін өлкелерде неке қию барысында мәһірді белгілеуі тиіс. Мәһір белгіленбеген жағдайда некесі дұрыс болады. Бірақ күйеуі мәһір-мисл береді.

«Күйеуі тарапынан берілетін қалыңмалды қыздың разылығымен мәһірге жатқызуға және артынан алып баратын жасауына пайдалануға болады.

«Әке еңбегі», «ана сүті» секілді қыздың әке-шешесіне, туыстарына берілетін мал-мүлік (кәдесый, т.б.) мәһірге жатпайды», - делінген шешімде.

Байланысты жаналықтар

Құлпытасқа марқұмның суретін салмау керек пе?

02.04.2025

"Харам". Криптовалюта шариғатқа сай ма

31.03.2025

Желіде уағыз айтып, діни білім беретіндер тексеріледі - ҚМДБ

29.03.2025

Балаларға аяғын уқалатқан имамға ескерту жасалды

13.03.2025

Тұрмысқа шыққан қыздың тегін ауыстыруына бола ма? ҚМДБ пәтуа шығарды

27.01.2025

ҚМДБ ар-намысты қорлайтын жазбаға лүпіл басудың күнә екенін айтты

15.01.2025
MalimBlocks
Құлпытасқа марқұмның суретін салмау керек пе?

"Харам". Криптовалюта шариғатқа сай ма

Желіде уағыз айтып, діни білім беретіндер тексеріледі - ҚМДБ

Қазақстан мұсылмандар діни басқармасы әлеуметтік желіде уағыз айтып, діни үгіт-насихат жүргізетіндерді тексереді,

Балаларға аяғын уқалатқан имамға ескерту жасалды

Құлшылық үйіне келген адам мешіт әдебін сақтауы тиіс

Тұрмысқа шыққан қыздың тегін ауыстыруына бола ма? ҚМДБ пәтуа шығарды

Діни басқарманың дерегінше, шариғатта әрбір адам өз тегімен аталуы тиіс

ҚМДБ ар-намысты қорлайтын жазбаға лүпіл басудың күнә екенін айтты

Теріс пиғылдағы пікірлерді жазуға тыйым салды