Қордайда ағын су шайып өткен жерлер жөнделіп жатыр

Беріктас пен Соғанды ауылдары қоқыстан тазартылды

Мәди Саматұлы

  • 20.07.2024

Қордай ауданында табиғи апат салдарын жою жұмыстары жалғасып жатыр. Бүлінген тұрғын үйлердің ауласы қоқыстан толық тазартылған, деп хабарлайды Malim.kz.

Қазір Беріктас және Соғанды ауылдық округтеріндегі қираған инфрақұрылым нысандары қалпына келтірілу үстінде.

Беріктас ауылындағы 219 абонент газға қосылып, 6 аулада тазалық жұмыстары жүргізілді. Сонымен бірге аталған ауылда 2 бригада (10 адам, 5 техника) және Соғанды елді мекенінде 3 бригада (15 адам, 2 техника) электр желілерін реттеу жұмыстарын жүргізді. Барлық үйлер газ, электр желілеріне қосылды, деп жазды Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Одан бөлек, 30 адам Қақпатас өзенінің арнасын ағаштардан тазалауға атсалысқан. «Соғанды-Бетқайнар» автожолындағы көпірге де жөндеу жұмыстары жүріп жатыр.

Еске сала кетейік, 15 шілдеде Қордай ауданының бірқатар ауылдық округінде дауыл мен нөсер жауын салдарынан таулы жерлерден еңіске қарай су ағыны пайда болған еді.

Фото: ТМЖ

Байланысты жаналықтар

Жамбылда бір көшеде тұратын екі жасөспірімнің мәйіті табылды

30.10.2024

Жамбылдық бухгалтерлер президенттен араша сұрады

05.10.2024

Жамбылда түрмедегі әйел тұрмысқа шықты

28.09.2024

Ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі Астананың қай жерлерінде өтеді?

18.09.2024

Жамбылда 65 бала 10 жыл бойы баспана кезегіне қойылмаған

25.08.2024

Жол апатынан қаза тапқан жамбылдық полицейлер туралы мәлімет жарияланды

18.08.2024
MalimBlocks
Жамбылда бір көшеде тұратын екі жасөспірімнің мәйіті табылды

Екеуі бір-бірімен таныс болған, бірақ екі жағдайдың бір-біріне қатысы жоқ дейді полицияда

Жамбылдық бухгалтерлер президенттен араша сұрады

Олар 4 жыл бойы алған үстемеақыларын бюджетке қайтарғысы жоқ

Жамбылда түрмедегі әйел тұрмысқа шықты

Ол шын махаббатқа еш кедергі жоқ деп санайды

Ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі Астананың қай жерлерінде өтеді?

Өз өнімдерін бірінші болып Ақтөбе, Атырау және Жамбыл облыстары ұсынады

Жамбылда 65 бала 10 жыл бойы баспана кезегіне қойылмаған

Прокуратура 156 жетім баланы кезекке қойғызды

Жол апатынан қаза тапқан жамбылдық полицейлер туралы мәлімет жарияланды

Бірі балалар үйінен 8 бала асырап алған