Таразда полиция қызметкеріне пышақ салған

Дегенмен полицей бұзақыны жедел-тергеу тобы келгенше ұстап тұрған

Мәди Саматұлы

  • 07.01.2025

Таразда кафедегі жанжалға барған полиция қызметкері бұзақының қолынан пышақ жарақатын алған. Дегенмен қызметкер оны жедел-тергеу тобы келгенше ұстап тұрған, деп хабарлайды Malim.kz.

Жамбыл облысы полиция департаментінің мәліметінше, оқиға 3 қаңтарда таңғы сағат 05.00 шамасында болған. Тараз қаласындағы кафелердің бірінде масаң күйдегі 21 жастағы ер адам мекеме күзетшісімен жанжалдасып қалған. Ол күзетшіге күш көрсетіп, пышақпен дене жарақатын салуға оқталады.

Осы сәтте кафеде күшейтілген тәртіпте қызмет атқарып жүрген полиция қызметкері дер кезінде араласып, күзетшіні қорғай отырып, ауыр қылмыстың алдын алу шараларын жүргізеді.

Оқиға барысында полиция лейтенанты оң қолына пышақ жарақатын алды. Алайда ол өзінің өмірі мен денсаулығына төнген қауіпті елемей, қоян-қолтық тәсілдерін қолданып, басқа азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етті. Жарақатына қарамастан, құқық бұзушыны қарусыздандырып, жедел-тергеу тобы келгенше ұстап тұрған, деп жазды полиция департаменті.

Қазір күдіктіге қатысты бұзақылық бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүріп жатыр.

Фото: видеодан скриншот

Байланысты жаналықтар

Журналист Лұқпан Ахмедьяровты полиция ұстады

10.04.2025

Есірткі сатқан футболшы мен актер ұсталды

10.04.2025

Ел шығысында екі азаматтығы бар 8 адам анықталды

09.04.2025

“Қызбен кездесуге”. Италиялық интернетте алданып Оралға ұшып келген

07.04.2025

Оралда әлеуметтік желі арқылы бопсалаумен айналысқан күдікті ұсталды

07.04.2025

Алматы облысында қамауда отырған жігіттер аштыққа шыдамай өздерін тілгілеп тастады

07.04.2025
MalimBlocks
Журналист Лұқпан Ахмедьяровты полиция ұстады

Есірткі сатқан футболшы мен актер ұсталды

Шымкентте жергілікті футбол командаларының бірінде ойнаған шетелдік есірткі сатқаны анықталды