457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Қостанайда науқас дәрігерді соғып, жансақтау бөліміне түсірді

Облыстық аурухананың мәліметінше, күрделі операциядан кейін науқастарды қабылдауға түскен хирургті кезекте тұрған пациенттердің бірі соққыға жыққан. Бұл туралы аурухананың баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Malim.kz "Наш Костанай" басылымына сілтеме жасап.

«Кезекте үшінші тұрған пациент кенеттен агрессия танытып, дәрігерге қол жұмсаған. Салдарынан дәрігер есінен танып қалды. Қазір ол жансақтау бөлімінде ауыр хәлде жатыр. Оқиға орнында полиция тергеу жүргізіп жатыр», – делінген хабарламада.

Жергілікті басылым хабарлағандай, медициналық мекеме бұл жағдайды жай ғана оқыс оқиға емес, ақ халатты абзал жандарға қарсы жасалған ауыр қылмыс деп бағалап отыр.

«Біз бұл оқиғаға бей-жай қарай алмаймыз. Бұл - күнделікті адам өмірін сақтап қалуға барын салып жүрген мамандарға қарсы жасалған зорлық. Әрбір дәрігерге жасалған шабуыл – бүкіл денсаулық сақтау жүйесіне жасалған шабуыл. Дәрігерлерде қару жоқ. Олардың жалғыз «қаруы» – білім, тәжірибе мен жүрек. Олар да үйіне аман-есен оралғысы келеді», – дейді аурухана өкілдері.

Қазіргі таңда дәрігердің жағдайы ауыр, ал полиция оқиғаға байланысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.

Фото: pixabay