ҚТЖ жолынан қалған 600 жолаушыны теміржолмен тасымалдайды

Ұлттық компания сол үшін пойыздарға қосымша 13 вагон қосқан

Мәди Саматұлы

  • 12.10.2024

«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы «Астана – Көкшетау» тас жолының жабылуына байланысты 600 жолаушыны пойызбен эвакуациялайды, деп хабарлайды Malim.kz.

Ауа райының қолайсыздығы және «Астана – Көкшетау» тас жолының жабылуына байланысты ұлттық тасымалдаушы көлік қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін шұғыл шаралар қабылдауға кіріскен.

Компания мәлімдеуінше, бүгін, 12 қазанда «Астана – Көкшетау – Астана» бағыты бойынша жүретін №327/328 және №623/624 пойыздарына 13 қосымша вагон қосылған. Бұл шаралар шамамен 600 жолаушыны тасымалдауға мүмкіндік береді.

Ұлттық тасымалдаушы қолайсыз ауа райы кезінде жолаушылар тасымалын қатаң бақылауда ұстайды. Қазір ұлттық тасымалдаушының қызметкерлері пойыздардың үздіксіз қозғалысын қамтамасыз етіп жатыр, деп жазылған ресми хабарламада.

Фото: скриншот

Байланысты жаналықтар

Қазақстанның 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

16.05.2025

Аптап ыстық: 16 мамырға арналған ауа райы болжамы

15.05.2025

Жаз айларында ауа райы қалай болады?

13.05.2025

Алдағы үш күнде 44 градусқа дейін ыстық болады

12.05.2025

Алдағы күндері күн күркіреп, жаңбыр жауады

11.05.2025

Синоптиктер ауа райы болжамын ұсынды

10.05.2025
MalimBlocks
Қазақстанның 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Аптап ыстық: 16 мамырға арналған ауа райы болжамы

Жаз айларында ауа райы қалай болады?

Алдағы үш күнде 44 градусқа дейін ыстық болады

Ауа температурасы бірте-бірте көтеріледі

Алдағы күндері күн күркіреп, жаңбыр жауады

Синоптиктер ауа райы болжамын ұсынды