457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Құрбан айт намазының кестесі шықты

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы еліміз бойынша айт намазының кестесін жариялады, деп хабарлайды Malim.kz.

«6 маусым – Құрбан айт мейрамының алғашқы күні. Осы күні оқылатын Құрбан айт намазының еліміз бойынша әзірленген кестесін назарларыңызға ұсынамыз. Айт құтты болсын, ағайын!», - деп жазылған хабарламада.

Қазақстан заңы бойынша қасиетті Құрбан айт мейрамының алғашқы күні демалыс беріледі.

Құрбан айттың бірінші күні, яғни 6 маусым жұмаға түсіп тұр. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, қазақстандықтар үш күн қатарынан демалады.

Аптасына бес күн жұмыс істейтіндер үшін 6, 7, 8 маусым – демалыс күндері.

Аптасына алты күн жұмыс істейтіндер үшін: 6 маусым – демалыс, 7 маусым – жұмыс күні, 8 маусым – демалыс.

Фото: muftyat.kz