Қылмыстық топ серкесі шетелде ұсталды

Malim Админ

  • 19.02.2025

Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы ұйымдасқан қылмыстық топтың құрамында болған Қазақстан азаматын Ресей Федерациясынан экстрадициялады, деп хабарлайды Malim.kz.

Бұрын сотталғандардан құралған бұл топ 2022-2023 жылдар аралығында Жамбыл облысының кәсіпкерлері мен тұрғындарына күш қолданып, бопсалау, қарызды өндіріп алу және қорған болумен айналысқан.

Ұйымдасқан қылмыстық топтың жетекшісі және мүшелері қазіргі таңда әртүрлі мерзімге бас бостандығынан айырылды, ал күдікті қылмыс жасағаннан кейін жасырынып, соған байланысты халықаралық іздеуге жарияланған.

2024 жылдың тамыз айында ол Ресей Федерациясының Амур облысында ұсталып, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының сұрау салуы бойынша Отанына экстрадицияланды.

Қазіргі уақытта күдікті тергеу изоляторына қамалды.

Айыпталған қылмыстарды жасағаны үшін мүлкi тәркiленiп, жетi жылдан он бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қарастырылған.

Фото: Егемен

Байланысты жаналықтар

Бопсалаушы «блогерлерге» қатысты 20-дан астам дерек анықталды – ІІМ

24.01.2025

«10 млн теңге алып жатқанда ұсталды». Алматыда бопсалаушы блогер қолға түсті

23.01.2025

"7 млн теңге". Полиция ақша бопсалаған блогерді ұстады

21.01.2025

БҚО-да бопсалау күдігімен студенттер тобы ұсталды (ВИДЕО)

30.11.2024

Қарағанды ​​облысында қылмыстық топ құрықталды

18.10.2024

«Қамқорлығы» үшін 3 млн алған. Шымкентте қылмыстық топтың бірнеше мүшесі ұсталды

15.10.2024
MalimBlocks
Бопсалаушы «блогерлерге» қатысты 20-дан астам дерек анықталды – ІІМ

Олар өздерін заң мен тәртіпті қамтамасыз ететіндер етіп көрсеткен

«10 млн теңге алып жатқанда ұсталды». Алматыда бопсалаушы блогер қолға түсті

Олар «әлеуметтік желілерде компромат жариялаймыз» деп қоқан-лоққы көрсеткен

"7 млн теңге". Полиция ақша бопсалаған блогерді ұстады

БҚО-да бопсалау күдігімен студенттер тобы ұсталды (ВИДЕО)

Олар курстастарын бопсалады деп күдікке ілінген

Қарағанды ​​облысында қылмыстық топ құрықталды

Олар жергілікті тұрғындарды, сондай-ақ Qarmet қызметкерлерін бопсалаған

«Қамқорлығы» үшін 3 млн алған. Шымкентте қылмыстық топтың бірнеше мүшесі ұсталды

Келіспеген жағдайда физикалық және моральдық қысым жасаған