Қыздарды ойыншыққа теңеген желі қолданушысы сынға ілікті

Желі қолданушысы жігіттерге ақыл айтып, қыздарды ханшайымдай көрмеуге шақырды, деп хабарлайды Malim.kz Skifnews.kz сайтына сілтеп.
Оның сөзінше, қыздарға ойыншыққа қарағандай қарау керек.
"Бірнеше нұсқа болу керек. Қыздарға ханшайым сияқты мүлде қарамаңдар. Оларға тек "секс-объект, секс-ойыншық" ретінде қарау керек. Ал сендер өмірлеріңнің мәні қылып жібересіңдер. Бір қыз тауып аласыңдар да артынан жүгіріп жүресіңдер. Әлем сол қыздан пайда болған сияқты төбелеріне көтереді сосын. Содан кейін ол қыз өзін ханшайым сезініп кетеді де, сендерді құл сияқты көреді. Қыздардың 99%-ы сондай, соңында сені менсінбей кетеді", деді ол.
Желі қолданушылары оның бұл сөздеріне қарсы шығып түрлі пікір жазды.
"Қызыңа өзің сияқты еркек жолықсын", "Кешірім сұрап отырған видеосын күтемін", "Өзінің анаң, қарындасың бар ма", "Әйеліне обал",- деді ашуланған желі қолданушылары.
Фото: видеодан скрин