Қызылордада 16 жасар қызды секс-құлдыққа ұстаған басты күдіктілерге сот үкімі шықты

Сабина Асқарқызы

  • 03.04.2025

Қызылорда облысында оқушының секс-құлдықта болуына қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды  Malim.kz.  

Қылмыстық іс кәмелетке толмаған қызды ірі мөлшерде пайда табу мақсатында қорқыту және көрінеу кәмелетке толмаған адамға қатысты азаптау, сондай-ақ кәмелетке толмағанды жезөкшелікпен айналысуға тарту баптарымен қаралды. Сотқа осы іс бойынша 9 адам күдікті деп танылған.

Олардың кінәсі оқиға орнын, заттар мен құжаттарды қарау хаттамаларымен, бейнежазбалармен, «WhatsApp» арқылы хат-хабарлармен, карточкалық шоттардың банктік үзінділерімен, сараптама нәтижелерімен, сондай-ақ жәбірленушінің жауабымен дәлелденген, - деп хабарлады Қызылорда соты.

Сот үкімімен кәмелетке толмағандар М.Н., А.Ж., Қ.Д. ҚК-нің 134-бабы 3-бөлігі, 1),2)-тармақтары, ҚК-нің 194-бабы 3-тармағы 2)-тармақшасы, ҚК-нің 110-бабы 2-тармағы 1)-тармақшасы бойынша кінәлі деп танылып, қылмыстық құқық бұзушылықтар жиынтығы бойынша оларға 6 жыл 8 ай бас бостандығынан айыру түріндегі жазалар тағайындалды.

Сотталушы Б.А. ҚК-нің 194-бабы 2-бөлігін 2)-тармақшасы бойынша кінәлі деп танылып, оған 4 жыл 8 ай бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Сотталушылар Т.Ұ. және Қ.А. ҚК-нің 28-бабының 5-бөлігі, 194-бабы, 2-бөлігі 1),2)-тармақшасы бойынша кінәлі деп танылып, оларға 4 жыл 8 ай бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Сотталушылар Т.А., Б.А. және Т.Д. ҚК-нің 134-бабы 3-бөлігі 1)-тармағы және ҚК-нің 194-бабы 2-бөлігі 2-тармағы бойынша кінәлі деп танылып, қылмыстық құқық бұзушылықтардың жиынтығы бойынша олардың әрқайсысына 7 жыл 6 ай бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Фото:depositphotos.com

Байланысты жаналықтар

"Шерзатты құтқаруға болар еді". Бишімбаев сотында танылған сарапшы куәлік берді

23.05.2025

Қуандық Бишімбаевтың ата-анасы туысына қарсы сотта жеңіп шықты

23.05.2025

Уайымдама! Сөйлесіп қойғанмын: Шерзат сотындағы диалог қызу талқыға түсті

22.05.2025

Тараз құрылыс бөлімінің басшысы 4 жылға сотталды

22.05.2025

Куәгерден ақша бопсалаған тергеушілер сотталды

21.05.2025

Шерзат Полаттың мәйітіне жасалған сараптама қорытындысы жарияланды

21.05.2025
MalimBlocks
"Шерзатты құтқаруға болар еді". Бишімбаев сотында танылған сарапшы куәлік берді

Қуандық Бишімбаевтың ата-анасы туысына қарсы сотта жеңіп шықты

Уайымдама! Сөйлесіп қойғанмын: Шерзат сотындағы диалог қызу талқыға түсті

Тараз құрылыс бөлімінің басшысы 4 жылға сотталды

Куәгерден ақша бопсалаған тергеушілер сотталды

Шерзат Полаттың мәйітіне жасалған сараптама қорытындысы жарияланды