Қызылордада 40 жастағы әйел оныншы баласын дүниеге әкелді

Қызылорда қаласының тұрғыны, 40 жастағы Ажаркүл Төлегенова оныншы сәбиін дүниеге әкелді, деп хабарлайды Malim.kz.
Отбасындағы қуанышты жаңалықты дәрігерлер мен әйелдің жақындары хабарлады.
Ажаркүл Төлегенованың тұңғышы бүгінде 16 жаста және студент атанған. Одан кейінгі 4 қызы мен 1 ұлы мектеп жасындағы балалар. Ал кенже балалары әлі үйде, ата-анасының қарауында.
«Отбасымыздың тірегі – жолдасым, өзін-өзі жұмыспен қамтып отырған азамат. Ол жанұямыздың барлық қажеттілігін қамтамасыз етіп, бала-шағасының болашағы үшін аянбай тер төгіп келеді», - дед Төлегенова.
Фото: gov.kz
Байланысты жаналықтар
MalimBlocks
